Көкпектіліктердің ауыз су құбырларын тартып жатқандардың жұмысына көңілдері толмайды
Мердігер компания су құбырларын орнату барысында кейбір қазылған шұңқырларды қайта қалпына келтірмеген
Соңғы екі жылда Көкпекті ауылына қарасты Көкжыра ауылында атқарылған жұмыстар легі аз емес. Ауылға бұрын соңды болмаған футбол алаңы да салынды. Десе де ауыл тұрғындары бөркін аспанға атып қуануға әлі асығар емес. Керсінше көңілдеріне үрей мен наразылық ұялай бастады. Аталған ауылда былтырдан бастап ауызсу тартылып жатқан еді. Жуықта ғана бірнеше ауыл тұрғыны хабарласып, атқарылып жатқан жұмыс сапасына наразы екендіктерін ашып айтқан болатын.
Аталған мәселе бұған дейін бір емес, бірнеше рет қайталанған. Мердігер компания су құбырларын орнату барысында кейбір қазылған шұңқырларды қайта қалпына келтірмеген. Салдарынан тұрғындар жауынды күндері батпақ кешіп, әбден мазалары кеткен.
Тұрғындар жұмыс жүргізуші ұйымға мәселені бірнеше рет ескерткен. Бірақ мердігер "бәрін қалпына келтіреміз, алаңдамаңыздар!" деген шығарып салма сөзбен тұрғындардың бетін қайтарған.
Жергілікті тұрғындардың бірі осыдан екі ай бұрын қазылған жерге бұзау құлап кеткендігін айтады. Оған қоса, ашық тұрған шұңқырға ойын баласы да түсіп кете ме деген үрейі де басым.
Осы орайда мәселенің мән-жайын білмек болып аудандық әкімдікке хабарластық.
Жаслан Майкеневтің айтуынша, мердігер компаниялармен жүргізілген келсімшарт барысында шарт бұзу фактісі әлі тіркелмепті.
Осы орайда тағы бір қуанарлық жәйт ауылдағы футбол қорабының жарығы биыл қосылатын болады. Бұл туралы Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самархан Демесінов мәлім етті.
Следующая →
Аталған мәселе бұған дейін бір емес, бірнеше рет қайталанған. Мердігер компания су құбырларын орнату барысында кейбір қазылған шұңқырларды қайта қалпына келтірмеген. Салдарынан тұрғындар жауынды күндері батпақ кешіп, әбден мазалары кеткен.
Жұмыс сапасына көңілдері толмайды
Тұрғындар жұмыс жүргізуші ұйымға мәселені бірнеше рет ескерткен. Бірақ мердігер "бәрін қалпына келтіреміз, алаңдамаңыздар!" деген шығарып салма сөзбен тұрғындардың бетін қайтарған.
- Ауылдың ішінің былтыр күзден бастап астаң-кестеңін шығарды. "Ауызсумен қарық қыламыз" деген, әлі жоқ. Керсінше ауылдың ішін онан әрмен қазып, сәнін кетірді. Жұмыстарына еш жауапкершілік танытпады. Шұңқырды қазып-қазып, бетін жаппай тастап кете береді. Беті ашық шұңқырдың іші суға толып жатады. Түндерде мал түсіп кетсе қайтеміз. Кей жерлерді қазу жұмыстарын жүргізу барысында жер астынан су шығып, көлкіп жатып алады. Сондайда мердігер "техникамыз батып қалады" деп әрекет қылмайды. Бетін бос топырақпен жаба салады. Ол жер құйбатпаққа айналады. Соның салдарынан даладағы шөбімізді де әрең жинадық. Шөп алаңның жанын қазып тастаған. Ол жерде батпақ болғандықтан трактор маңайлай алмай қойған. Шарасыз сапасыз жұмыстың артын өзіміз тегістеп келеміз, - дейді ауыл тұрғыны Ержан Сымағұлов.
Шұңқырға мал түсіп кеткен
Жергілікті тұрғындардың бірі осыдан екі ай бұрын қазылған жерге бұзау құлап кеткендігін айтады. Оған қоса, ашық тұрған шұңқырға ойын баласы да түсіп кете ме деген үрейі де басым.
- Көкейде бір қауіптің бары рас. Округ әкімі де, мердігер ұйым да қазылған жерлер ізін суытпай тегістелетінін алға тартқан еді. Ашық тұрғанына апта емес, бірнеше ай өтті. Ауыл шетінде шабындыққа барар жолда біршама терең шұңқырлар бар. Мал іздеп жүрген адам немесе төрт түліктің өзі түсіп кетсе, қырық сылтауларын сонда айтатын болады. Осыдан екі ай бұрын қазылған жерге бұзау құлап кетті. Жауапты мекемелер мердігердің жұмысты тыңғылықты аяқтауын талап етсе дейміз, - дейді Азамат Мұратов.Айта кетейік, бұндай жағдай Көкжыра ауылынан тыс Аққала ауылында да орын алған болатын. Әдеттегідей беті жабылмаған шұңқырға сиыр түсіп кеткен.
Көше жолының ізі де қалмады
- Жолдың бәрі топыраққа толып, көлікпен жүру қиынға түсті. Алғашында бұдан да жаман болған. Қазір тапталып қалды. Су тартуды неге осыншама күрделендіреді? Шұңқыр қазып суға толтырды, топырақ төгіп жол қатынасын қиындатты. Мердігер ешқандай сапалы жұмыс істеп жатқан жоқ. Өзіне қалай ыңғайлы, солай жұмыс істеп жатыр. Әйтеуір бітіргенше асық, - дейді ауыл тұрғыны Дәурен Елемесов.Жергілікті тұрғындар осылай мердігер ұйымның атқарып жатқан жұмысына наразы. Ауылда суағарлардың іші топыраққа толып болды. Енді көктемгі қар суы әлек салмасына кім кепіл.
Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде
Осы орайда мәселенің мән-жайын білмек болып аудандық әкімдікке хабарластық.
- Көкжыра ауылындағы су құбырларын тарту жұмыстарын "Дороги Востока" ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 484,645 млн теңгені құрайды. Нысанды осы жылы тапсыру жоспарланған. Биылға 384, 645 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге, аталған ауылда су құбыры желілерін тарту барысында шұңқырларға адам, мал түсіп кету жағдайы әлі тіркелмеді. Мердігер жұмысты аяқтағаннан кейін ғана шұңқырлар мен жол бетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев.Оның сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда Көкпекті ауданына қарасты 14 елді мекенге ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде.
- Биыл ауданда 14 елді мекенге ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде. Нақты жеке-жеке тоқталар болсақ, Көкпекті ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бас мердігер "АВК Tehnology" ЖШС компаниясы. Келісімшарт соммасы 965,356 млн теңге қаржыны құрайды. Биыл 50,5 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Самар ауылында да су құбыры желілері жаңартылуда. Келісімшарттың жалпы соммасы 1866,1 млн теңге. Жоба 2017-2021 жылдар аралығында іске асырылады деп жоспарлануда. 2020 жылға бөлінген қаражат 450 млн теңге. Бүгінде жұмыстар нәтижелі жүріп жатыр, - дейді Жаслан Майкенев.Елді мекендерді ауызсумен қамту жобасы бойынша Құлынжон ауылында да жұмыстар атқарылуда.
- Құлынжон ауылында су құбырларын тарту жұмыстарын "Дороги Востока" ЖШС компаниясы жүргізуде. Жобаның жалпы құны 662,326 млн теңгені құрайды. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Биыл 235,0 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, аталған мердігер Аққала ауылында сумен жабдықтау жұмыстарын да жүргізуде. Жоспарға сай ауызсу келер жылы пайдалануға беріледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары.Ауданда аталған ауылдардан бөлек Үлкенбөкен, Ажа, Миролюбовка, Преображенка, Мариногорка және Үлгілімалшы ауылдарына ауызсу құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Жаслан Майкеневтің айтуынша, мердігер компаниялармен жүргізілген келсімшарт барысында шарт бұзу фактісі әлі тіркелмепті.
Осы орайда тағы бір қуанарлық жәйт ауылдағы футбол қорабының жарығы биыл қосылатын болады. Бұл туралы Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самархан Демесінов мәлім етті.
- Футбол қорабын орнатуға 7 млн 100 мың теңге қаржы бөлінді. Оның жарығы балалар карантин кезінде ойнамау үшін қосылмады. Жарық қосу үшін қазіргі уақытта Көкпекті ауданының электр жүйесі басшысына хат жазылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнайы көлік сынып тұр, - деді Самархан Демесінов.