Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Бішкекте көшелерді халық жасақтары күзетуге кірісті

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, жаппай тәртіпсіздік салдарынан жарақат алып дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны – 1 мыңнан астам, ал бір адам қаза тапқан

Парламенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздіктер болған Қырғызстан астанасы көшелерін халық жасақтары күзете бастады. Олар қала мэриясымен бірге басқа да нысандарды қорғауға алған. 

Себебі Бішкекте тонаушылық әрекеттер белең алды. Белгісіз топтар қаладағы Қаржы полициясының ғимаратына шабуылдап, дәмханаларды талқандауға тырысқан. Ал соңғы ақпарға қарағанда Ала-Тоо алаңына жиналған халық тарқаған. Бірақ парламенттің шұғыл отырыс өткен "Достық" қонақ үйінің маңында тәртіпсіздіктер болған. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Бішкек көшелерін жасақ күзетіп жұр. 8 қазанға қараған түні қала көшелеріне 10 мыңға жуық жасақ шығыпты. Мұны Бішкек тұрғындарының өзі қала билігімен бірлесіп ұйымдастырған екен.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні кешкісін парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін Бішкекте наразылық шерулері басталып полициямен қақтығыс болды.
Следующая →