Өрт сөндірушілер көміртегі тотығына тұншыққан әйелді жанып жатқан үйден алып шықты
9 қазан күні Камчатка көшесіндегі жер үй отқа оранғанда, жедел жеткен өрт сөндіру қызметіне әйел үйде қызы қалып қойғанын айтты
Құтқарушылар лезде жалын шарпыған үйге бет қойып, түтінге уланып қалған қызды алып шықты. 1984 жылғы Өскемен тұрғынына алғашқы полиция мен апаттық медицина орталығының қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.
Қалалық ТЖБ баспасөз бөлімінің ақпаратына сүйенсек, зардап шегушіні жедел-жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Өртті ауыздықтаушылар аумағы 100 шаршы метр жерді алған жалынды өшіріп үлгерді.
Оқиға орнында 15 қызметкер мен 3 техника құралы жұмыс жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өрттің шығуына техникалық қауіпсіздікті сақтамау себеп болды деген болжам бар.
Следующая →

Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске УС Усть-Каменогорска Спасение человека Центра медицины катастроф Отравление угарным газом в Усть-Каменогорске