Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Жармадағы баспана кімдерге беріледі?

Биыл Жарма ауданында тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде жуық арада екі пәтерлі бес тұрғын үй қолданысқа берілмек

Жуықта Жарма ауданына жұмыс барысымен облыстық мәслихат депутаты Владимир Головатюк келіп, жоспарға сәйкес іске асырылып жатқан шаруалармен танысты.
- Ауданымыздағы басты мәселелердің бірі - тұрғын үй мәселесі болатын. Қазір осы бағытта "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғын үймен әлеуметтің осал топтарын ғана емес, қажетті мамандарды да қамтамасыз ету көзделген, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, аудандық аурухана маңында орналасқан жер аумағында биыл тұрғын үй салу жұмысына дайындық басталып кетіпті. Өскеменнен келген жауапты тұлға Шар қаласындағы ауруханада болып, індеттің екінші толқынына қарсы тұру мүмкіндігін бағамдады.
- Мәслихат хатшысы "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қалалық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарымен таныса келе атқарылып жатқан шаруаға оң бағасын берді. Аурухананың заманауи аппараттармен қамтамасыз етілгенін атап өтті, - деді Ахметқали Ахашұлы.
Шағын қаланың тыныс-тіршілігімен жақын танысқан облыстық мәслихат хатшысын аудан әкімі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің құрылыс барысымен де таныстырды. Белгілі болғандай, жуық арада екі пәтерлі бес тұрғын үй қолданысқа берілетін болады. Сонымен бірге, қалаға жас мамандарды тұрақтандыру, әлеуметтік түрлі топтарға жататын азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Следующая →