Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдің шеткі аудандарына ауыз су тартылады

Семейде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында қаланың шеткі аймақтарына су құбырлары тартылуда

Жылдар бойы Семей қаласының шет аймағындағы тұрғындары үшін орталықтандырылған ауыз су мәселесі өзекті болып келген. Енді қаладағы бірнеше кент тұрғындары көптен күткен ауызсуға қол жеткізеді. Бүгінде магистралды су құбырларының құрылысы Ұшақтар, Ақсай және Восход кенттерінде жүргізілуде.
- Ұшақтар кентінде ұзындығы 40,2 км су құбыры желілерін тарту қарастырылған. Жобаны қазан айының басында тапсыру жоспарлануда. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд 271 млн 733 мың теңгені құрайды. Жұмыстарды мердігер ұйым - "Восток Строй Групп" ЖШС" жүргізуде, - дейді Семей қаласының ТКШ бөлімінің тұрғын үй-коммуналдық секторының меңгерушісі Құралай Дүйсенбаева.
Жұмыстар аяқталған соң, нысан қалалық су арнасының теңгеріміне беріледі. Содан кейін тұрғындар су құбырына қосылатын болады.

Құралай Дүйсенбаеваның айтуынша, ауызсу тарту жұмыстары Ақсай кентінде де жүргізілді. 
- Мұнда желілердің жалпы ұзындығы 75 км құрайды. Жоба сомасы 1 млрд 200 мың теңгеден асады. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар аяқталды. Жобаны тапсыру қараша айына жоспарланған, - дейді ол. 
Восход кентінде де су құбыры магистралдық желілерін салу жобасы басталып кетті. Жұмыстарды жергілікті мердігер "Info tech systems" ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы сомасы 253 млн 101 мың теңгені құрайды. Аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

Айта кетейік, Восход және Водный кенттерінде ішкі су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
- Аталған кварталішілік желілер жоба аяқталғаннан кейін үйлердің шекараларына дейін жеткізілетін болады. Нәтижесінде бес мыңға жуық тұрғын таза ауызсумен қамтылмақ. Жоспарға сәйкес, кварталішілік желілердің құрылысы 2021 жылы басталады, - дейді Құралай Дүйсенбаева.

Следующая →