Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі пульмонологиялық орталық дайын болып қалды

ШҚО әкімі жаңа медициналық мекеме үшін ғимаратта жасалып жатқан жөндеу жұмыстарын кезекті рет тексеріп шықты


150 төсек-орындық пульмонологиялық орталық бұрынғы ЖМКА ғимаратында ашылады. 
 
Оны қайта құрылымдау жұмыстары екі ай бұрын басталған. Осы уақыт ішінде ғимараттың іші түгелдей жөнделіп, сыртқы қасбеті қалыпқа келтірілген. 

- Қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы жасалды, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - 200 адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Медициналық құрылғылар мен жиһаздар орындарына қойыла бастаған. Әр палатада оттегі розеткасы болатынын атап өткен жөн. Орталықта пульмонологтармен қатар, инфекционистер де жұмыс жасайтын болады. 35 төсек-орындық жансақтау және интенсивті терапия бөлімдері болады.

Өңір басшысы КВИ жұқтырғандар саны күрт артатын болса, 6 мың төсек-орын дайын тұрғанын да атап өтті. Қосымша бес ПТР-зертхана мен үш КТ кабинеттері ашылады.

Одан өзге, COVID-19  жұқтырған жағдайы ауыр науқастар үшін иммундық плазма дайындалуда.
Следующая →