Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағай аудандық ауруханасы маңына жылжымалы оттегі станциясы орнатылады

Катонқарағай аудандық орталық ауруханаға коронавируспен күрес шаралары аясында жаңа рентген-аппарат сатып алынды

Құны 52 млн теңгені құрайтын жаңа рентген-аппарат облыстық денсаулық сақтау жүйесі арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен алынғандығын мәлімдеді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. 

Аппарат ауруханаға жақында ғана келсе де мамандар лайықты бағасын берді. 
- Жаңа құрылғының ең маңызды артықшылығы - өткізу қабілет-тілігінің жоға-рылауы, доза жүктемесінің төмендеуі, рентген түсірмесінің сапасының жақсаруы, сонымен қатар іш құрылысын суретке түсіру мүмкіндігі, - дейді рентген кабинетінің мамандары.
Сандық форматта жұмыс жасаудың артықшылығы - суреттің диагностикалық сапасының жоғары болуы, рентгендік бейнені жылдам бағалау мүмкіндігі - лезде сандық кескін алу; цифрлық кескінмен жұмыс жасау мүмкіндігі, мысалы, үлкейту-кішірейту, деректерді жылдам іздеп табу.

Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Сәуле Байгереева жаңа қондырғы пациенттерді қарау сапасын едәуір жақсартатынын атап өтті.

Жалпы, аудандық аурухананың провизорлық стационарында бүгінгі таңда ешқандай науқас жоқ. Алайда аудан әкімінің айтуынша, қажеттінің барлығы сақадай сай тұр. 
- Бұл бөлімде 12 төсек-орындық 6 палата және 1 жансақтау палатасы даярланған. Медқызметкерлермен, өкпені жасанды желдеткіштермен, концентраттармен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар да жеткілікті, - дейді Ренат Құрмамбаев.
Айта кетейік, жазда ауданға Татарстаннан дәрігерлер делегациясы келіп, коронавируспен күрес жұмыстарына қатысты аудан дәрігерлеріне бірнеше ұсыныс айтқан болатын. Ғимарат ішін де арнайы бөлімдерге бөлуді нұсқаған болатын. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөлімінде және емхананың бірінші қабатындағы корпустарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 
- Нысанды аралау барысында құрылысшылардың жұмыс қарқынына наразы екендігімді айтып, жөндеуді белгіленген мерзімге дейін аяқтау үшін жұмысты ширатуды тапсырдым, - дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша орталық аудандық аурухана аумағында денсаулық сақтауды күшейту аясында 50 нүктені қамтамасыз етіп тұратын жылжымалы оттегі станциясы орнатылуда. Яғни, қондырғы ауадан оттегіні бөліп алады және оны пациентті оттегімен байланыстыру қажет болған бөлімшелерге жеткізеді. Бұл ауыр вирустық пневмониямен ауыратын адамдар үшін өте маңызды. Оттегі станциясы науқастарды оттегімен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Следующая →