БҚО құс фабрикаларында карантин режімі енгізіледі
Батыс Қазақстан облысында құс тұмауының алдын алу шаралары жүргізілуде
Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазыбек Ташимовтің айтуынша, құс тұмауы – жұқпалы індет.
Тұмау жабайы және үй құстарына, одан адамға жұғуы мүмкін. Жабайы құстар, әсіресе, суда жүзетін үйрек, қаздар індеттің таралу көзі болып табылады. Үй құстары ішінде тауықтар мен күрке тауықтар тез жұқтырып, жаппай қырылып қалады.
Қазіргі кезде еліміздің төрт облысында құс тұмауы тіркелді. Қарағанды өңірінен алынған сынамаға зерттеу жүргізілуде.
Қазыбек Ташимовтің сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 1 қыркүйектегі ресми мәліметке сәйкес 1,6 млн астам құс болса, соның 1,1 млн астамы агроқұрылымдарда ұсталуда.
Өңірде құс өсірумен "Жайық құс" ЖШС, "Ақас" агрофирмасы" ЖШС ( екеуі де Бәйтерек ауданында), "Орал құс фабрикасы" ЖШС (Орал қаласы) айналысады.
Құс ұстайтын жеке тұлғалар ветеринарлық-санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Атап айтқанда, үй құстарының жабайы, әсіресе, суда жүзетін құстарға қосылуына жол бермеу, аулада ұстау қажет болған жағдайда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшіру қажет. Құстың ауруы және өлу жағдайы болса, оны қозғамай, тиісті орынға дереу хабарлау керек. Сондай-ақ үй құстарын жабайы құстар жүретін көлдердің маңайынан радиусы 5 шақырым көлемінде жіберуге тыйым салынады.
БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев құс тұмауының алдын алу үшін сақтық шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
Следующая →

- Биыл Бәйтерек ауданындағы құс фабрикаларында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 111,8 мың құсты егу жоспарланып, бұл жұмыстар жалғасуда. Тамыз айында Ресейдің Омбы облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен Орал қаласындағы фабрика құстарын егу үшін қосымша 80 мың екпе сұратылды. Облыс құстарының басым көпшілігін вакцинациялау үшін тағы да екпеге сұраныс жіберіледі, - еді Қазыбек Ташимов.
Құс ұстайтын жеке тұлғалар ветеринарлық-санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Атап айтқанда, үй құстарының жабайы, әсіресе, суда жүзетін құстарға қосылуына жол бермеу, аулада ұстау қажет болған жағдайда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшіру қажет. Құстың ауруы және өлу жағдайы болса, оны қозғамай, тиісті орынға дереу хабарлау керек. Сондай-ақ үй құстарын жабайы құстар жүретін көлдердің маңайынан радиусы 5 шақырым көлемінде жіберуге тыйым салынады.
БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев құс тұмауының алдын алу үшін сақтық шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
Тақырыптар:
Птичий грипп Вспышка заболевания Введение карантина на птицефабриках ЗКО Падеж домашней птицы