ШҚО тұрғындары қандай сұрақтармен "111 жедел қызметіне" хабарласа алады?
Тәулік бойы жұмыс жасайтын байланыс орталығы Nur Otan партиясы кеңесі жанынан ашылды
Екі жарым аптаның ішінде жедел арнаға түрлі сұрақ, мәселемен 228 адам хабарласқан. Сарапшылар хабарласқандардың барлығына да жедел, психологиялық, заңгерлік, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілген. Орталық барлық мемлекеттік мекемелермен және шұғыл әрекет ету топтарымен тікелей жұмыс жасайды.
Бұл қоңыраудың барлығы Nur Otan партиясы филиалдарының бақылауында болады. Бұл тың әрі тиімді әрекет.
Айта кетейік, "111" нөміріне қоңырау шалушы жайлы ақпарат толықтай құпия сақталады. Ол аптасына жеті күн 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Следующая →
- Қауіпсіздік бойынша 6 хабарлама, еңбекпен қамту мәселесі бойынша – 2, білім – 2, денсаулық сақтау – 10, әлеуметтік көмек сұрағандар – 15, - дейді Өскем ен қалалық қамқорлық және қорғаншылық органының мамандары. - Сонымен қатар, зорлық-зомбылық және қатігездік бойынша 9 адам дабыл қағып хабарласса, отбасындағы қарым-қатынас мазасын қашырған 12 адам телефон шалып, көмек сұрапты. Хабарласқан 140 адамның түрлі ақпараттық сұранымы болса, 15-ін психо-әлеуметтік жағдай алаңдатқан, 10 адамға заңгер көмегі қажет болса, бесеуінде төтенше жағдай орын алған.
Бұл қоңыраудың барлығы Nur Otan партиясы филиалдарының бақылауында болады. Бұл тың әрі тиімді әрекет.
- "111 жедел қызметі" - жағдайы нашар отбасылар немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық, басқа да қатігерздік туралы білетін балалар мен ересектер хабарласуға арналған қызмет, - деп қосты орталық мамандары. - Сонымен қатар, әйел немесе бала құқығы аяққа тапталса, өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендерге мамандар көмектеседі.
Айта кетейік, "111" нөміріне қоңырау шалушы жайлы ақпарат толықтай құпия сақталады. Ол аптасына жеті күн 24 сағат бойы жұмыс істейді.