Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бүгінгі күні Шығы Қазақстанда интернет желісі нашар немесе мүлдем ұстамайтын елді мекендер мен ауылдар бар
- Аудандық әкімдікпен бірлесіп, Бестерек пен Ізғұтты Айттықов ауылдарына интернет тартудың техникалық шешімін таптық. Меніңше, 1 қазанға дейін осы бағыттағы жұмыстар толық аяқталып, тұрғындар кең жолақты интернетке қол жеткізеді, - деді Ғазинұр Раимханов.Ұлан аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, интернетпен туындаған проблемаға қарамастан оқу үрдісі жоспар бойынша жүргізілуде.
- Шағын елді мекендерде шағын комплектілі мектептер орналасқан. 1 қыркүйектен бастап оқушылар штаттық режимде білім алуға көшті. Барлық ауыл мектебінде интернет бар. Қала мектептерінде оқитын оқушылар, сондай-ақ студенттер жұмыс күндері ауылдағы білім ошақтарына барып, сабақтарын оқи алады. Онда барлық санитарлық талап сақталған, - деді Қуат Оқасов.Айта кетейік, бір мезетте Шығыс Қазақстан облысындағы барлық елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін емес. "Қазақтелеком" АҚ филиалы ағымдағы жылы үлкен жұмыс атқарылғанын алға тартты. Егер 2019 жылы облыстағы 150 елді мекенде интернет желісі болмаса, биыл бұл көрсеткіш 2 есеге азайғанын атап өткен орынды.