Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Жарма ауданында жаңа мәдениет үйі салынады

Жарма ауданына қарасты Әуезов кентінде 400 орындық мәдениет үйі салынады

Жарма ауданына қарасты Әуезов кентінде көше жолдары жөндеуден өтуде. Жөнделіп жатқан жолдың ұзындығы 1200 метрді құрайды. 

Аудан басшысы жұмыс сапарымен Әуезов кентінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстарымен танысқан. Айтуынша, қауырт жұмыс кестеге сай жүргізілуде.
- Биыл "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында кенттегі көше жолдарын қалыпқа келтіру, Бақыршық орта мектебін күрделі жөндеу және жаңа мәдениет үйінің құрылысы қолға алынған болатын. Жалпы ұзындығы 1200 метр қашықтықты құрайтын көше жолдарының құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. Яғни, мердігер асфальт төсеу жұмыстарын жүргізіп, таяу күндері қолданысқа бермек, - дейді аудан әкімі Ахметқали Ахашұлы.
Мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
- Жауапты мердігер жұмысты жауапкершілікпен орындай отырып, қараша айында қолданысқа беруді жоспарлауда, - дейді аудан әкімі. - Одан бөлек, 400 орындық мәдениет ошағының құрылысы қызу жүруде. Бүгінде нысанның орнын әзірлеп, іргетасын қалау жұмыстарына кіріскен. Жауапты серіктестік нысанның негізін биыл қалауды көздеп отыр. Жос-парлы жұмысқа сәйкес бұл орын келер жылдың тамыз айында қолданысқа берілуі тиіс.
Следующая →