Семейдегі жаңа мешіт құрылысы қашан бітеді?
Семейде Абай атындағы жаңа мешіт осы күздің соңына дейін пайдалануға берілмек
Мешіт құрылысы 2008 жылы басталған болатын. Дегенмен әртүрлі себептермен бүгінге дейін созылып келді. Сақалды құрылысқа жеке қаржысын салып, толығымен аяқтауға Тастекеевтер отбасына тиесілі жергілікті құрылыс компаниясы ниет білдірген болатын.
Ғимараттың құрылысына Түркістан облысы да көмек қолын созды. Қазір олар мешіттің айналасын абаттандырумен айналысып жатыр.
Жоба бойынша мешітте 3 мың адам бір уақытта намаз оқи алады. Ғимараттың ішінде діни жоралғыларды өткізуге арналған кең бөлмелер мен қатымхана қарастырылған. Мешітке апаратын жаяуларға арналған бірнеше көпір және 500 көлік сиятын автотұрақ салынады.
Десе де, жаңа мешіттің құрылысы басталғанына биыл 12 жыл болды. Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласының сәулет және қала құрлысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Исатаев мешіт осы жылдың қыркүйек айында берілетіндігін айтқан болатын.
Следующая →

- Айналма жол мешітті айналып өтеді. Келешекте оның жанынан медресе де салынады, - дейді құрылыс учаскесінің бастығы Нұрлан Жүнісов.Қазіргі таңда жұмыстың 85 пайызы аяқталған. Жаңа мешіт қараша айында пайдалануға беріледі.
Десе де, жаңа мешіттің құрылысы басталғанына биыл 12 жыл болды. Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласының сәулет және қала құрлысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Исатаев мешіт осы жылдың қыркүйек айында берілетіндігін айтқан болатын.
- Мешіт құрылысы 2008 жылы басталды. Барлық ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді (жылу магистрі, электр желілері су құбырлары, кәріз құбырлары). Мешіттің құрылысы қаражаттың жетіспеушілігінен тоқтап қалған болатын. Нысан ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі, - деген еді жазда Ардақ Исатаев.Өкінішке қарай, мешіттің құрылысы әлі бітпеді. Енді жоспар бойынша қыркүйекте емес, қараша айында бітіреміз деп сендіріп отыр.