Аягөз ауданының қысқа дайындығы нашар
Аягөз ауданының әкімі аудандағы жауапты мекемелердің қысқа дайындық жұмыстарын сынға алды
"Аягөз су" мекемесінің теңгеріміндегі техникаларының қыс маусымына дайындығы тексерілді. Дайындық шаралары сын көтермейді, өте нашар.
Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
Аудан басшысының айтуынша, мекеме ғимараты мен ауласында тазалық жұмыстары жүргізілмегендіктен күл-қоқысқа толған.
Следующая →
Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
Аудан басшысының айтуынша, мекеме ғимараты мен ауласында тазалық жұмыстары жүргізілмегендіктен күл-қоқысқа толған.
- Мекеме басшысына ақаулықтарды жоюға уақыт бердім. Сонымен қатар, Ларшин көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын бақылап, жобаны іске асырып жатқан "Нұрлы жол" ЖШС өкілдерімен кездестім. Кездесу барысында жұмыстар жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жүргізілуін, сапалы болуын басты назарда ұстау керектігін ескерттім. Аталған талаптар орындалмаса, жұмыстарды тоқтатуды тапсырдым, - деп жазады Сейілбек Ысқақов.