Бородулиха ауданында саяжайларға ұрлыққа түсіп жүрген ұры ұсталды
Бородулиха ауданды полиция бөлімшесіне Жезкент кентінің екі тұрғыны келіп, саяжайларына ұры түскенін хабарлаған
Полиция қызметкерлері ұры үйге аспалы құлыпты сындырып кіргенін анықтаған. Азық-түлік пен мүлікті тонап, жалпы сомасы 87 000 теңге шығын келтірген.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, тәртіп сақшылары екі үйді де тексеріп шыққан. Криминалистер екі үйден де күдіктінің аяқ киім ізін тауып, екі қылмысты да бір адам жасағанын анықтады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Следующая →

- Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұған дейін істі болған 37 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Тінту барысында ұрланған азық-түлік пен мүлік анықталды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.