2021 жылға арналған Президент тапсырмасын орындау үшін Қазақстанға қанша қаржы керек?
Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов дәрігерлер, мұғалімдер жалақысын арттыру мен басқа шаралар үшін 1,6 трлн теңге қарастырылғанын айтты
Үкіметтегі кезекті брифинг барысында Әлихан Смаилов мәлімдегендей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылға арналған тапсырмасын орындау үшін 1,6 трлн теңге керек.
Следующая →
- Республикалық бюджетте ағымдағы жыл үшін белгілі сома қарастырылып қойған. Мәселен, жаңа 13 инфекциялық аурухана салу үшін 30 млрд теңге қарастырылған. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың балаларына компьютер алу үшін 70 млрд теңге үкімет резервінен бөлініп қойды, - деді Әлихан Смаилов. - Ағымдағы жылы қосымша қажеттілік 300 млрд теңгені құрайды.