Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағай ауданындағы Ново-Поляковка ауылында жол, су, ұялы байланыс жоқ

Катонқарағай ауданындағы Ново-Поляковка ауылының тұрғындары жол жөндеу жұмыстарынан соң қайта қалпына келтірілмеген жолдарды айтып, шағымданды. Бұл жолмен көлікпен жүрмек түгілі, жаяу жүру мүмкін емес

Ауыл тұрғандары республикалық сайттардың біріне хат жолдап, осы мәселені шешіп беруге көмек сұраған екен. 
- Ауылымызда жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ауыл тұрғындары көлікпен тұрмақ, жаяу жүруге келмейтін жолдың сиқына наразы. 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Ал біздің ауылда не ұялы байланыс, не жол, не ауыз су жоқ. Айтпақшы, ауыз су тарту жұмыстары да өткен жылы басталған, әлі күтудеміз, - деп жазған ауыл тұрғындары редакцияға жолдаған хаттарында.
Хатпен қоса дәлел ретінде сурет те жіберген. Суреттен жол үстіне ірі топырақ төгіліп тасталғаны көрініп тұр.
 
Ал ауыл әкімдігі аппаратындағылар бұндағы жөндеу жұмыстарын "Строй Е" мердігер ұйымы жасап жатқанын және жұмыстар әлі аяқталмағанын алға тартады. 
- Техника жөндеуге қойылғандықтан, жұмыстар толық аяқталған жоқ. Жұмыстар келісімшартқа сәйкес аяқталатын болады. Ал ғаламтор мен ұялы байланыс мәселелері мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қолға алынады. Су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды, халық жаймен орталықтандырылған су жүйесіне қосылып жатыр. Енді нысанды өткізу жұмыстарын аяқтап, оны балансқа алу ғана қалды, - деді әкімдіктегілер.
Ново-Поляковка ауылының тұрғындарының басын ауыртып, балтырын сыздатқан мәселе жайында республикалық сайт жазған соң мәселені аудан әкімі де қатаң бақылауына алған сыңайлы.
- Осы жағдайды жеке өзім тексердім, - деп жазды аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. - Қазіргі таңда Ново-Поляковка ауылында көше жолдарын жөндеу жұмыстарын "Строй Е" мердігерлік ұйымы жүргізуде, жұмыс толық аяқталған жоқ. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Ауылдық округ әкіміне және мердігер ұйымға Ново-Поляковка ауылындағы жөндеу жұмыстарын сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырдым.

Следующая →