Ақшаны шешіп алу үшін БЖЗҚ-да қанша болуы керек?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алу үшін есепшотта қанша ақша болуы керектігін мәлімдеді
Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады. Еңбекмині басшысының сөзіне қарағанда, "жеткіліктілік шегі" белгілі бір жастағы салымшыға зейнетақы жинақтарының ең аз қажетті сомасы дегенді білдіреді, ол сома оның табысынан БЖЗҚ-ға тұрақты түрде жүзеге асырылатын 10% зейнетақы жарналарын (ең төменгі жалақыдан төмен емес) ескере отырып, 82 жасына дейін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Жеткіліктілік шегінің" негізгі параметрлері:
- әйелдер мен ерлер үшін бірдей;
- қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және т. б.) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады);
- 20 жастан бастап әр жас үшін есептеледі.
Азамат жинақтағы қаржының бөлігін өзі және туған-туыстары үшін ала алады.
Следующая →

- 30 жас – 2 млн 518 мың теңге
- 35 жас – 2 млн 961 мың теңге
- 40 жас – 3 млн 437 мың теңге
- 45 жас – 3 млн 947 мың теңге
- 50 жас – 4 млн 495 мың теңге
- 55 жасқ – 5 млн 84 мың теңге
- 60 жастан соң – 5 млн 586 мың теңге
Азамат жинақтағы қаржының бөлігін өзі және туған-туыстары үшін ала алады.