Семей қаласының әкімі тұрғындарды тыңдады
Жаз басталғанда Семей қаласындағы Восход және Водный кенттерінің тұрғындары жол сапасының нашарлығына, су құбырлары мен көше шамдарының жоқтығына шағымданған еді
Сонымен қатар, жергілікті мектепке оқушылардың сыймайтыны және балабақшаның жоқтығы да тұрғындардың ашуына тиіп, амалдың жоқтығынан барлығы бейнежолдау жазған болатын.
Жақында қала әкімшілігі қордаланған мәселелерге наразы болған ауыл тұрғындарымен жүздесіп, халықтың мұң-зарын тыңдады.
Суық бұлақ ауылының тұрғындары да ауыз суға жарымай отырғандарын айтады.
Следующая →
Жақында қала әкімшілігі қордаланған мәселелерге наразы болған ауыл тұрғындарымен жүздесіп, халықтың мұң-зарын тыңдады.
Мәселені кім шешеді?
- Біз уәде етілген су құбырларын қаншама жылдар бойы зарыға күтудеміз. Қас қарайғанда сабақтан шығатын оқушылар қараңғы көшемен үйге жеткенше қорқады. Ауылда балабақша да, пошта да жоқ. Мұнда зейнетақы мен жәрдемақы алатын зейнеткерлер көп. Олар өздеріне тиесілі ақыларын алу үшін сонау орталық поштаға баруы керек. Біздің дайындаған арнайы бөлмеміз бар, пошта бөлімшесін осы ауылда ұйымдастыруды сұраймыз. Зиратты баяғыда қоршап тастау керек болатын, бірақ ешкім ештеңе істемеген соң мұнда әлі де жерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мәселелерді қашан шешіледі, кім шешеді? - деп бірнеше мәселені жіпке тізгендей айтып шықты жергілікті тұрғындар.Ауыл тұрғындарын тыңдаған әкім мәселелердің бәрі біртіндеп шешілетінін айтты. Биыл магистральді су құбырының құрылысы басталады. Жұмысқа кіріскейі отырған мердігерлердің айтуынша, желтоқсанға дейін негізгі су құбыры тартылмақ. Қалған жұмыстар келесі жылы басталады.
- Бұл жоба дайындалып жатқанда Боровлянка жекенің қолына өтті. Біз ауылды сол жерден сумен қамтамасыз етуіміз керек еді. Жуық арада сіздерді Боровлянканың таза, мөлдір суымен қамтамасыз етеміз, "Семей су жүйесі" МКМ бірыңғай ақы мөлшерін белгілейді. Мен сіздерге жалған сөйлеп, ұнайын деп тұрған жоқпын, бәрін бірден жасаймыз деп айтқым келмейді. Олай болуы мүмкін емес. Жұмыстың бір бөлігін биыл бастаймыз, қалғаны 2021 жылы жалғасады, - дейді Ермак Сәлімов. - Жақын арада біз сіздердің шағымдарыңыз бойынша атқарылатын іс-шаралар тізімін жасап, жауапты адамдарды тағайындаймыз. Қай уақытта қай жұмыс атқарылатынын сіздермен ақылдаса отырып бекітеміз. Барлық іс-шара ашық түрде жарияланып, жасалатын болады.Жарықтандыруға келетін болсақ, барлық көшелерде жарық болмайды. Шамдар тек балалар мектепке баратын орталық көшелерге ғана орнатылады. Кенттер сумен қамтамасыз етілген соң, келесі жылы балабақша ашылмақ. Қала басшысы пошта мен зират мәселелерін бақылауға алуға уәде берді.
Суықбұлақтықтар суға жарымай отыр
Суық бұлақ ауылының тұрғындары да ауыз суға жарымай отырғандарын айтады.
- Шар көшесінде ауыз су мүлдем тартылмаған. Біз шарасыздықтан 3 км жерден су тасуға мәжбүрміз. Ең болмағанда су бағандары орнатылса, біз де қиналмас едік қой. Жол да жаман, ойқы-шойқы, шаң-топырақ, - дейді жергілікті тұрғындар.Тұрғындарды қоқыс жинау мәселесі де алаңдататын. Бұл сұрақты шешу үшін белсенді тұрғындардың арасынан жұмыс комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастады. Осы демалыс күндері тұрғындар коммуналдық қызметтермен бірге ауылда сенбілік өткізеді.
Тақырыптар:
Благоустройство поселков в ВКО Благоустройство поселка Восход Благоустройство поселка Водный Плохие дороги в ВКО Переполненность школ в ВКО Недостаток дошкольных образовательных учреждений в ВКО