Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Шығыс өңірінің бас қаласында жас еріктілері бірігіп асыл қазынамыз - қарттарға көмек көрсетуде
- Қарттарымыз - ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Ұрпақ үшін жан аямай күрескен қарттарымызды қадірлеу - біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін де - сол бір қарттар, - дейді Jas Otan ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы.Сонымен қатар, Jas Otan ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы ADAL еріктілер қоғамдастығының белсеңдісі Бекенбай Ерасыл Ерланұлымен бірге "Жылулық сыйлаймыз" жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Глазковаға 2,5 текше метр отын түсіріп беріп, азық-түлікпен көмек көрсетті.
- Балаларыма алғысым шексіз. Осындай қиын-қыстау кезеңде балаларымның бұл бастамасы жүректі тебірентеді. Қатты толқып тұрмын. Ең бастысы адам баласының денсаулығы мықты болып, еліміз тыныш болсын, - деп Александра әжей өзінің ақ тілегін айтты.Қаланың тағы бес соғыс ардагеріне дәл осындай көмек көрсетлді. Еріктілер отынды ардагерлердің үйіне түсіріп, ауласына жинақтап берді. Барлық ардагерлер еріктілердің көмегіне қуанып, шексіз ризашылықтарын білдіріп жатты. Александра Ивановна, Александра Ивановнаның сіңілісі Вера Иванованы еріктілердің игі ісі мен жомарттығына разы болып, көзіне жас алды.
- Үлкен рахмет! Өте разы болып қалдық. Бізді ұмытпай, көмектесіп жатқандарыңа алғысымыз шексіз. Мерейлерің үстем болсын, - дейді Вера Иванова.