Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Әзірге оқушылар қашықтықтан оқиды

Жарма ауданында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында бірнеше жыл жөндеу көрмеген білім ошақтарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мердігер компания Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебінің құрылысының 60 пайызын орындап болған.
- "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Ауданымыздағы екі бірдей ірі білім ошағы күрделі жөндеуден өтуде, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин. - Оның бірі - Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебі. Соңғы бірнеше жыл жөндеу көрмеген ғимарат сыр беріп келген болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша білім ордасы уақыт талабына сай жаңа кейіпке енуде. Мердігер компания қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын 60 пайызға орындап отыр. Яғни, нысанның төбесі, жылу және кәріз жүйелері, едендер төсеу мен ішкі сылақ жұмыстарының басым бөлігін аяқтап отыр.
 Аудан әкімінің айтуынша, ғимарат қараша айында толықтай жөндеуден өтіп, қолданысқа беріледі.
- Аталмыш білім ордасы мен Абай атындағы мектеп-гимназия оқу жылының бірінші тоқсанында санитарлық талапқа сәйкес балаларды қашықтықтан оқытатын болады. Яғни, мердігерлер жөндеу жұмыстарын жобалық жоспарға сәйкес кезеңмен жүзеге асыруға көшті, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Следующая →