Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Малонарымдағы мәдениет үйіне аспаптар мен костюмдер қажет

Катонқарағай ауданындағы Малонарым ауылындағы клуб жөндеуден өтті

Катонқарағай ауданы аумағында барлығы 45 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Оның ішінде 24 ауылдық клуб, 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана және бір мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы мен Достық үйі бар. 

Аудандық "Арай" газетінің тілшісі Тимур Смағұлов өз мақаласында өткен жылы талай жылдар бойы жөндеу көрмеген Солдатоводағы бұрынғы ауылдық клуб ғимараты облыстық бюджет есебінен қайтадан жаңғыртылғанын жазады. Газет материалдарына сүйенсек, биыл да шекаралық аудандарды дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, аудандағы бірқатар мәдениет нысандарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілуде. Мәселен, Малонарым ауылдық клубы жақында осындай жөндеуден өткен. 

Кеңес заманында іргетасы қаланған бұл ғимарат тоқсаныншы жылдардың тоқырауында жұмысын тоқтатып, үшінші мыңжылдықтың басында, яки, 2002 жылдарда қызметін қайта жандандырды. Сол уақыттан бері бүгінгідей ауқымды жөндеуді бұл ауылдық клуб көрмеген екен. Ғимараттың іші-сыртын жөндеу жұмысына облыстық бюджет есебінен 28,5 млн теңге жұмсалған. Көптен күткен жөндеу жұмыстары жаз шыға басталып, тамыздың басында толыққанды аяқталыпты. 
 - Мердігерлер клуб ішіндегі едендерді жаңалап, линолеум төседі, қабырғаларын әктеп, ретке келтірді. Одан бөлек, ғимарат ішіне санитарлық торап жүргізді, су өткізді, клуб ішінде орналасқан ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктіге су жылытатын бойлер қойып берді. Сондай-ақ, баспалдақтарды қалыпқа келтіріп, ғимараттың сыртын сайдингпен қаптады. Қазір клубымыздың іші жарық, таза, бәрі өз орнында. Жөндеуден кейін ғимарат тіптен басқаша өң алған секілді. Ұжымдағы адамдардың жұмысқа деген құлшынысы артқандай, - дейді клуб меңгерушісі Жұлдыз Исатаева.
Мәдениет ошағы басшысының айтуынша, мердігерлер ғимарат ішінде орналасқан спорт залына да толықтай жөндеу жүргізген. 

Малонарымдағы бұл мәдениет үйінде барлығы 8 адам еңбек етеді екен. Жұлдыз Исатаеваның сөзінше, әзірге карантиндік шектеу шараларына байланысты жыл басында жоспарлаған шаралар қазіргі таңда онлайн түрде өткізілуде. 
 - Біздің ұжым ауданда өтетін барлық қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатысуға тырысады. Жақында мәдениет үйінде "Аңсар" деген жаңа топ құрылды. Одан бөлек, ауылдық клубта тұрақты негізде домбыра мен вокал үйірмелері жұмыс істейді. Онда барлығы 20-ға тарта бала тәлім алады. Үйірмелерде "Мұрагер" атты бағдарлама бойынша жұмыс істейміз. Аптасына бір мәрте жас-тар мен орта жастағы адамдар үшін кешкі би кештерін ұйымдастырамыз. Жаңа жылда жыл сайын карнавал шарасын өткізуді де жақсы дәстүрге айналдырдық, - дейді клубтың жас басшысы Жұлдыз Исатаева. 
Малонарымдағы мәдениет ошағы көңілдегідей жөндеуден өтсе-дағы клуб жұмысының көш ілгері дамуы үшін музыкалық аспаптар мен әртістерге арналған концерттік костюмдердің қажеттілігін тілге тиек етеді. Клубқа ауылдағы кәсіпкерлер де демеушілік жасап тұратын көрінеді.
Следующая →