Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ға Украина мен Германиядан гуманитарлық көмек келді

24 тамыз күні ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Украина және Германия мемлекеттерінен гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмек жеткізілді

Келген гуманитарлық көмек: 720 дана медициналық бетперде, 6 дана Ибупрофен (600 мг), 1 дана Ибупрофен Атид (600 мг), 170 дана Меропенем-Виста, 3240 дана Левофлоксацин-Новофарм препараттары және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2 дана оттегі концентраторы жеткізілді. 

Өздеріңіз білетіндей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн теңге қаражат жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінеді. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады.
- Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз, - деді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Следующая →