Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 50-ден астам қару жойылды

Еліміздің шығысында полиция қызметкерлері 50-ден астам қару мен 2000-нан астам оқ-дәрілерді жойды

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері облыс орталығындағы зауыттардың бірінде соңғы үш айда қылмыстық айналымнан алынған 50-ден астам атыс қаруын жойды.

Тамыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері атыс қаруының тағы бір партиясын жоюды жүзеге асырды. Қару-жарақты жою міндетті комиссияның қатысуымен жүргізіліп, бейнетіркеуге түсірілді. 

Әдетте полиция әрі қарай қолдануға жарамсыз жағдайға келтіру үшін алдымен ұғңыларды кесу арқылы үлгілерді деформациялайды. Содан кейін қару күзетіліп, пломбаланған жәшіктерде болат пеші бар кәсіпорынға жеткізіледі. Тәркіленген, сонымен бірге айғақ заттар жергілікті зауыттың шойын балқыту пештеріне жіберіліп, олар металға балқытылады.
- 61 қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде танылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар жойылды. Барлығы әртүрлі маркалар мен модельдерден 52 бірлік қару, 2000 данадан астам оқ-дәрілер, 2 макет қол гранатасы, сонымен қатар тізімге "Аммонал" типті жарылғыш зат жойылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру арқылы ғана заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен құтылуға болатынын полиция қызметкерлері ескертеді. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру акциясы жыл сайын өткізіледі. 2020 жылы шығысқазақстандықтар полицияға шамамен 10 миллион теңгеге 170-тен астам қару мен 503 дана оқ-дәрі тапсырды.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Заңсыз қару ПД