Тегін тамақ қаржысын үнемдеп, компьютер алады
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің 58 пайызы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды
Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті. Тіпті кездесу барысында облыс әкімі аудан әкімдеріне жаңа оқу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді қадап тапсырған болатын.
Тарбағатай ауданында 2020-2021 оқу жылында 8361 оқушы білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы өткізген онлайн кездесу барысында мәлім етті.
Кездесу барысында аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы ауданның білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
Ал компьютер/ноутбугі жоқ 312 оқушыға мектептен уақытша пайдалануға беріледі. Тағы да 120 оқу-шыға ноутбук сатып алып, уақытша пайдалануға беру жоспарланған. Тағы 232 оқушы интернетпен қамтамасыз етілетіндігін де айтты.
Кездесу барысында аудан әкімі мектептердегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына да тоқтала кетті.
Осы орайда Жарма ауданның әкімі Ахметқали Нұрғожин де аудандағы мектептердің жаңа оқу жалына дайындық барысын баяндап берді.
Кездесу барысында аудан әкімі мектептерде маска режимі енгізіліп, медициналық бақылау күшейтілетіндігін айтты.
Зайсан ауданында 2020-2021 оқу жылында 6371 оқушы білім алады.
Следующая →
- 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 312 мектептегі 109,6 мың оқушы (58%) қашықтан білім алады. Ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Әр топта 15 бала болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Сондай-ақ, биыл қашықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында балалардың бірыңғай сағаты және ата-аналардың бірыңғай дәрісі ұйымдастырылмақ, - деді Даниал Ахметов.
Тарбағатайда 8361 оқушы білім алады
Тарбағатай ауданында 2020-2021 оқу жылында 8361 оқушы білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы өткізген онлайн кездесу барысында мәлім етті.
Кездесу барысында аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы ауданның білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
- Бүгінгі таңда ауданымызда 49 мектеп өз жұмысын бастайды. Жаңа оқу жылында 8361 оқушы білім алады. Аудандағы толық жинақталған мектептер саны - 16. Ондағы оқушылар саны - 6016 . Шағын жинақталған мектептер саны - 33. Ондағы оқушылар саны - 2345. Төтенше жағдайға байланысты штатты режимде оқитын мектептер саны - 34. Қашықтықтан оқитын мектептер саны - 15. Онда 5691 оқушы бар. Қашықтықтан оқитын мектептердің 1-4-ші сыныптарында 2130 оқушы, 5-11-ші сыныптарда 3098 оқушы бар. Сонымен бірге, қашықтықтан оқитын 15 мектепте кезекші топтар ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Барлық 1-4-ші сыныптар бойынша 167 кезекші топ құрылады деп күтілуде. Кезекші топтардағы сабақ кестесі дайындалды. Қоңырау ұзақтығы 5 минут уақытты қамтиды. Әр сыныптың қоңырау уақыты әртүрлі болады, - дейді аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, ауданда 1904 оқушыда компьютер, 779 оқушыда смартфон немесе планшеті бар екен. Сонымен бірге, 2673 оқушы интернет немесе мобильдік желісін пайдалана алады.
Ал компьютер/ноутбугі жоқ 312 оқушыға мектептен уақытша пайдалануға беріледі. Тағы да 120 оқу-шыға ноутбук сатып алып, уақытша пайдалануға беру жоспарланған. Тағы 232 оқушы интернетпен қамтамасыз етілетіндігін де айтты.
- Ауданның барлық 49 мектебі интернет желісіне қосылған. Олардың ішінде 2 мектеп (№2 Ақсуат, К. Нұрбаев) 10 мб/с, 9 мектеп 8 мб/с жылдамдықты, қалған 38 мектеп 4 мб/с жылдамдықты интернет желісіне қосылған. 41 мектеп Қазақтелеком арқылы, 8 мектеп спутниктік желі арқылы интернетпен қамтамасыз етілген. Жер жағдайына байланысты Үштөбе, Қызыл кесік, Кіндікті, Сатбаев, Сарыөлең, Жаңауыл, Ахметбұлақ, Бозша ауылдарында ғаламтор жылдамдығы 4 мб/с-тан төмен жұмыс істейді, - дейді аудан әкімі.Ауданда штаттық режимде оқитын 34 мектеп бар. Ондағы оқушылар саны - 2670.
- Барлық мектепке келіп оқитын оқушыларға санитарлық нормаларды сақтауға арналған санитарлық құралдар сатып алынады. Кіре беріске 1 тепловизор, 1 антисептик кілемше, әр оқушыға, мұғалімге және қызметкерлерге 2 маскадан (көпреттік), әр сынып бөлмесіне 1 антисептиктен, дәретхана бөлмелеріне 1 антисептик, қол жууға сұйық кір сабындар қойылады. Әр сыныпқа 2 сағатта бір тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады, - дейді Серікқазы Құсайынұлы.
Мектеп формасы кімдерге тегін беріледі?
Кездесу барысында аудан әкімі мектептердегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына да тоқтала кетті.
- Қазіргі таңда Ақжар ауылындағы Абай орта мектебі және Тұғыл ауылындағы Ш. Уәлиханов мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмыстың 70%-ы аяқталды. Ағымдағы жылы 7 мектепті жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінгі күні 5 мектеп толық жөндеуден өтті. Барлық мектептерде жылдағы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге, жылу маусымына қажетті 7923 тонна қатты отынның 51 %-ы тасымалданды. Қалғаны 25 қыркүйекке дейін жеткізіледі, - дейді әкім.Айта кетейік, ауданда әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп оқушылары үшін 109 млн теңге қаржы бөлініп, 4162 оқушыға мектеп формасы мен аяқ киім сатып алыныпты.
- Отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1673 оқушыға, толық жетім 33 балаға, аз қамтылған отбасынан шыққан 231 балаға, көпбалалы отбасылардан шыққан 1701 оқу-шыға және қамқоршылық кеңестің шешімімен тағы 513 балаға мектеп формасы тегін таратылады. Қазіргі күні мектеп формасы оқушыларға беріліп қойды, ал аяқ киім 1 қыркүйекке дейін беріледі, - дейді Серікқазы Сәдуақасов аудандардағы мектептердің оқу жылына дайындығын баяндап.
"Кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады"
Осы орайда Жарма ауданның әкімі Ахметқали Нұрғожин де аудандағы мектептердің жаңа оқу жалына дайындық барысын баяндап берді.
Кездесу барысында аудан әкімі мектептерде маска режимі енгізіліп, медициналық бақылау күшейтілетіндігін айтты.
- Ауданымыздағы 38 мектептің 25 (65,7%) шағын жинақталған мектебінің 1744 оқушысы штаттық режимде оқитын болады. Мектептерде маска режимі енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі. Барлық мектептер дезинфекциялау құралдарымен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оқушылар тегін маскалармен қамтылады. Қалған 13 толық жинақталған мектепте (28,9%) оқыту қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте бастапқы буында ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтап, 15 оқушыдан топтарға бөле отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.Аудан әкімі кейбір жағдайы төмен оқушылардың онлайн форматта білім алу мүмкіндігінің жоқтығын ескеріп, оқушылардың компьютер және интернет құралдарымен қамтылуы мәселесіне де тоқтала кетті.
- Білім беру ұйымдарынан қайтарымды негізде 984 компьютер әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы балаларға үлестіріледі. Облыстық білім басқармасына 140 компьютерлік техникаға сұраныс берілді. Ғаламтор желісіне қол жеткізу мақсатында 160 оқушы SIM картасы бар роутермен, оқулықпен қамтамасыз
етіледі, - дейді аудан әкімі.
Үнемделген қаржыға компьютер алынады
Зайсан ауданында 2020-2021 оқу жылында 6371 оқушы білім алады.
- Бүгінгі таңда ауданымызда 27 мектеп бар. Оның 17 - орта, 8 - негізгі орта, 2 - бастауыш мектеп, 16 балабақша, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар барлық бала санының 92%-ын, 3-6 жасқа дейінгілер бала санының 100%-ын құрайды, - дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, қашықтықтан оқыту форматында оқитын мектептер саны - 10. Оқушы саны 2762-ні құрайды екен.
- 10 мектеп кезекші сыныптар ашады. Оқушы саны - 2110. Штаттық режимде оқитын мектептер саны - 17. Оқушы саны 1499 бала.17 мектеп қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, балаларды 100% мектепте оқытады. Сабақтар 2 ауысымда ұйымдастырылады, кабинеттер арасы алшақ болуы қамтамасыз етіледі. Сабақ уақыты мен үзіліс уақыты қысқартылып, негізгі пәндер ғана оқытылады. Дене шынықтыру және вариативті пәндер қашықтықтан жүргізіледі. Санитарлық талаптарды орындау үшін 11478,5 мың теңгеге қажетті санитарлық құралдар алынуда. Нақты айтсақ, санитайзерлер, тепловизорлар, кварц лампалары, маскалар, залалсыздандыру заттары, дезинфекциялық кілемшелер, - дейді Серік Зинабекұлы өз сөзінде.Оның айтуынша, ауданда мектеп жасындағы балалары бар 4041 отбасы бар. Десе де, ауданда 1000 отбасында компьютер жетіспеушілігі байқалыпты. Соған байланысты аудан әкімі 32 871,0 мың теңге қаржыға құны 150 мың теңгелік 331 компьютер алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
- Компьютерлер ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға және аз қамтылған, көпбалалы оқушыларға беріледі. 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында аз қамтылмаған және көпбалалы отбасы оқушылары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар үшін тамақтану ұйымдастырылмайды. Мектептердің 1-тоқсанына арналған жалпыға міндетті мемлекеттік қордағы үнемделген 32 871,0 мың теңге қаржыға құны 150 мың теңгелік 331 компьютер сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, мектептердегі жаңа үлгідегі 685 компьютер оқушылардың уақытша пайдалануына беріледі, - дейді аудан әкімі.