ШҚО тұрғыны қымбат мотоциклді ұрлап, оны өте арзан бағаға сатқан
Жарма ауданының жеке кәсіпкері полиция қызметкерлеріне Racer-110 мотоциклінің жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген
Мұндай мотоциклдің бағасы шамамен 300 мың теңгені құрайды. Оның иесі көліктің тамыз айының ортасында аулада тұрған жерінен ұрланғанын түсіндірді. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды.
Следующая →
- Ер адамның түнгі уақытта үйдің ауласында тұрған мотоциклді айдап кетіп, оны аудан орталығына апарып өте арзан бағаға сатқаны анықталды, - деді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев. - Күдіктінің айтуы бойынша ол түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.Департамент ұрланған мүліктің тәркіленіп, оны заңды иесіне қайтарғанын хабарлады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-тармағы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.