Бесқарағайлықтар түнде қорықпайтын болды
Ауылдарда көшелерді жарықтандыру - жол, ауыз су мен ғаламтор сынды басты мәселелердің бірі
Бесқарағай ауданында да осындай мәселе жоқ емес.
Ол түнгі уақытта жаяу жүргіншілер мен көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін Бесқарағай ауылының 8 көшесінде электр жарығы жүргізілген.
Аудан әкімі жыл сайын Бесқарағай ауылының үш-төрт көшесіне жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отыр.
Следующая →
- Аудан орталығында көшелерді жарықтандыру мәселесі бар болғандықтан, біз сметалық есептеулер жасап, облысқа бюджеттік өтінімдер жібердік, - дейді аудан әкімі Шалқар Байбек.Көшені жарықтандыру желілері елді мекеннің стратегиялық объектісі болып табылады.
Ол түнгі уақытта жаяу жүргіншілер мен көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін Бесқарағай ауылының 8 көшесінде электр жарығы жүргізілген.
Аудан әкімі жыл сайын Бесқарағай ауылының үш-төрт көшесіне жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отыр.
- Мен Молдажанов көшесінде тұрамын, - дейді бесқарағайлық Қапиза Келдібаева. - Ал өзім аудандық ауруханада жұмыс жасаймын. Кейде жұмыстан кеш қайтқанда қараңғыда құлап, мертігіп қалмасам екен деп қорқып қайтатынмын үйген. Бұл көшеде ешқашан да жарық болмаған. Қазір жақсы болды, тас қараңғыда да самаладай жарқырап шамдар жанып тұрады. Енді бұл аудан орталығындағы басты көшелердің бірі болғандықтан асфальт төселсе, игі болар еді.