Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қажымұқанның інісі атанған тарбағатайлық палуан

70 жасында да әлемдік жарыстарға қатысқан

Тарбағатай өңірінен шыққан белгілі ардагер спортшы Тұрсын Қалмақбаев "Қажымұқанның інісі" атанған.

Тарбағатай өңірі күш иелерімен де даңқы шыққан ел. Ақсуат ауылындағы Тарбағатай өлкетану музейі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Тұрсын Тайырұлы жастайынан өз бетінше дайындалып, бозкілемде белдесуге алғаш рет 19 жасында шыққан.
- Тұрсын атамыз, өмірінің соңына дейін бозкілемде жауырыны жерге тимей өнер көрсетті. Саналы өмірінде спортпен тұрақты айналысып, жастарға үлгі бола білді, - дейді өлкетану музейінің қызметкерлері. - Ауданымыздың спорт ардагері, қазақ күресі мен аударыспақтан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды. Қазақша күрестен Шығыс Қазақстан облысының 10 дүркін чемпионы. Бірнеше рет Республика чемпионы атанып, 70 жасында әлемдік жарыстарға қазақ елінің намысы үшін қатысып жүрді.
Тұрсын Тайырұлы 1992 жылы Алматы қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы сайыста моңғол елінің түйе балуанын жеңіп, "Қажымұқанның інісі" атағын алған екен. 2004 жылы Тәжікстанда өткен спорт ардагерлері арасында самбо күресінен әлем біріншілігінде күміс, 2005 жылы Прага және 2006 жылы Тәшкент қаласында әлем біріншілігінің алтын медалін иемденіп қайтты. Сонымен қатар, Грецияда өткен әлемнің 45 елінен жиналған 600 ардагер балуанның арасында самбодан әлем біріншілігінде қола жүлде иеленді.

2019 жылы қарт палуан дүниеден озды. Спорттағы сара жолы жас спортшыларға үлгі болып қала бермек. Өңірінің атын асқақтатқан, бір ғасырда бір туатын Тұрсын Тайырұлы сынды қара нардай палуан жерлестерінің құрметі мен тағзымына ие.
Следующая →