Шығыс Қазақстан облысында балалар интернет арқылы аналарының карточкаларымен төлем жасаған
Енді тәртіп сақшылары балаларға аналарының "жазасынан" басқа қандай қауіп төнетіні туралы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
Өскемен қалалық полиция бөліміне 42 жастағы әйелден белгісіз біреулер оның банктік карточкасынан 45 мың теңге шешіп алғаны туралы хабарлама келген. Кейінірек белгілі болғандай, балалары интернеттегі ойынды одан да қызықты ету үшін картаны қолданған.
Следующая →
- Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде киберқылмыс бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің балалары кейіпкерлерді онлайн режиміндегі ойын үшін анасының карточкасынан ақша аудару арқылы сатып алғанын анықтады, - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. - Бұл акті бойынша тәптіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.