ШҚО-да көлігі тұрғын үй ауласында жүретін жолды бөгеп тастаған шенеунікке айыппұл салынады
Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
13 тамызда әлеуметтік желіде облыс орталығы тұрғынының түсірген бейнежазбасы пайда болды, онда Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметінде тұрған автокөлік бар.
13 тамыз күні кешкі сағат 19.40-та көлік Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 43 үйдің ауласындағы тұрақ орындарынан шығу жолдарын жауып тастаған. Көлік иесі, куәгердің айтуынша, жарты сағат күткеннен кейін көлікке қайта оралды. Кешірім сұрағанына қарамастан, осы уақытқа дейін тұрақтан шыға алмаған автокөлікшілер полицияға қоңырау шалды.
Бейнежазбаны түсірген әлеуметтік желі қолданушысы шенеунікті жауапқа тартып, әділеттілік орнатқысы келген, сондықтан көрермендердің бәрі «батырды» көзбен көру керек деп шешкен екен.
14 тамыз күні таңертең Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram парақщасындағы жеке аккаунтында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің ауласындағы тұрақ орындарынан шығуға тосқауыл қойған көліктің иесі - қаланың ТҮКШ бөлімінің бастығы Еркін Тұраров екенін жазды.

- Бейнежазбада көрсетілген оқиғалардан кейін Еркін Тұрарұлы көлікті жолдан шығарып, полицияның бұйрығын күтті, - деп жазады Жақсылық Омар. - Оған қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, біз ТҮКШ бөлімінің басшысымен жол ережесін және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы үшін алдын-ала әңгіме өткіздік.Қала тұрғыны іздеген әділеттілік орнады. Шенеунік бұл сәтсіздіктен сабақ алды.
Следующая →