Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Биыл Алтай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бұрын жөндеу көрмеген жаяу жүргіншілер жолы жөнделуде
- Ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, аудандағы білім және мәдениет объектілерінде жөндеу жүргізіліп, ТҮКШ саласында жобалар іске асырылуда. Қаламызда көп жылдар бойы жаяу жүргіншілер жолы жөнделмегендіктен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір жөндеу жұмыстары аяқтауға жақын, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.
- Қазіргі уақытта қаланың орталық көшелерінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудандағы "Нұр Отан" партиясының филиалы ғимаратының жанында автокөлік тұрағы жөнделуде. Қазір ол жерде асфальт төсеу, жиектас ауыстыру, жаяужол салу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жобалар ауданымыздың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, - дейді аудан әкімі өз сөзінде.