Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстан облысы фермерлерінің басты мәселесі – субсидиялардың жетіспеушілігі

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша бөлінген мемлекеттік қолдауға, оның тиімділігі мен орындылығына талдау жасалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ауылшаруашылық басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы және қаржы институттарының басшылығы бірігіп онлайн режимде аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытудың мәселелері мен болашағын талқылады.

2020 жылы "Атамекен" ҰКП мен Қазақстан Республикасы сенаторларының күш-жігерінің арқасында аграршыларға мемлекеттік қолдаудың минималды стандарттары белгіленді, енді облыс әкімдігі субсидия төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың көлемін азайта алмайды. Алайда, бұл талдау олардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Әсіресе мал шаруашылығына, инвестициялық қызметке, сонымен қатар қайта өңдеу кәсіпорындарының ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу шығындарын жабуға қаржы жеткіліксіз. Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына аталған бағдарламаларға қаражаттың жетіспеуіне байланысты тауар өндірушілерден көптеген өтініштер келіп түсуде. 
 - Фермерлердің көптеген мәселелерін шешу үшін біз тек "Атамекен" ҰКП-ның орталық аппараты арқылы ғана емес, сонымен бірге министрліктермен тікелей жұмыс жасаймыз және біздің ұсыныстарымызды көбінесе билік тыңдайды, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек. - Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несиелеу ерекше бақылауда. Әр қарыз алушы палатаның аудандық және қалалық филиалдарымен кездеседі. Біз құжаттарды дайындауға және несие алуға көмектесеміз. Сондай-ақ, қазір фермерлердің кәдеге жарату жарнасын алып тастау туралы ұсыныстары зерттелуде.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы осы мәселелерге қосымша фермерлер үшін қиындық туғызатын басқа мәселелер бар. Мәселен, жаңа "Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру ережелері" қосымшасында тауар өндірушілері мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін, статистикалық есептің деректері бойынша өткен жылдың қорытындылары бойынша олардың шаруашылығының өнімділігін көрсетуі керек. Алайда, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары мұндай есептерді ұсынбайды. Сонымен қатар, олар жайылымның жалпы ауданын және ауылшаруашылық жануарларының санын көрсетуі қажет.
Следующая →