ШҚО тұрғыны жерлесінің үш кілемңн ұрлап кеткен
Тоқыма бұйымдары оны ерекше үлгісімен қызықтырғаны ма, жоқ па белгісіз, бірақ әйел өз-өзін ұстай алмай қалған
Үржар ауылының тұрғыны сәті түскенде көршісінің кілемдерін ұрламақ болған. Үй иесі үйде жоқ болғанда дуалға ілініп тұрған кілемдерді қолды қылған.
Следующая →
- Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Үржар ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Әйел ұсталып, қосымша тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ұрланған мүлік жәбірленушіге қайтарылды.Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.