Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жедел алдын алу іс-шаралары кезінде 20 тонна түсті металл тәркіленді

Жедел алдын алу іс-шаралары аясында тәртіп сақшылары металды қабылдау пункттеріне тексерістер жүргізді

Шығыс Қазақстан облысының полиция басқармасында түсіндірілгендей, бірнеше күн бойы металл жинау пункттері тәртіп сақшыларының бақылауында болды. Олар барлық күштерін асыл тастардың, түсті және қара металдардың, олардың  сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды  ашуға жұмылдырды.

Рейдті ұйымдастырушылар қайдан шыққаны белгісіз күдікті түсті металды тапсырған кезде бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері металл тапсырған адамдардың деректері мен байланыс нөмірлерін арнайы дәптерге жазып, содан кейін полицияға хабарлауы керектігін айтқан. Мәселен, жедел алдын алу іс-шарасы бойынша үш күн ішінде полиция қызметкерлері 14 қылмыстың бетін ашты, қабылдау орындарында ұрланған металды сатудың сегіз фактісі анықталды және бұрын жасалған бір қылмыс ашылды. Металл ұрлағаны үшін 14 адам ұсталды.

- Облыста 23 заңсыз металды қабылдау пункттері анықталды, оның ішінде 16 рұқсатсыз жұмыс істейді, оларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сондай-ақ, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану бойынша міндеттемелерін орындамауының жеті фактісі анықталды, оларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 339-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Следующая →