Өскеменде "Дәрігерлерге алғыс" акциясы өтті
"Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының мүшелері қолдаушылардың көмегімен дәрігерлерге жемістер, шай, кофе және бал сыйлады
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ештеңеге зәру емес, партия мүшелерінің әрекеті - қазіргі қиын-қыстау күндері күндіз-түні азаматтардың денсаулығын қорғап жүрген ақ халаттағыларға қолдау көрсету.
Бал, лимон, кәмпиттер, халва және вафли, қара өрік, банан, шай, кофе, сүт және минералды су - бұл медициналық мекемеге берілген сыйлықтардың толық тізімі. Дәл осындай тосынсый жұқпалы аурулар бөлімінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін төртінші қалалық аурухананың дәрігерлерін де күтті.
Следующая →
- Неліктен біз дәл осы аурухананы таңдадық? Себебі мұнда 70-ке жуық дәрігер вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр, - деді "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Жақыпов. - Оларда бәрі бар. Оларға күніне үш рет тамақтану және барлық жағдай жасалған, бірақ соған қарамастан олар кейде отырып, тәттілермен шай ішкілері келетін шығар, бірақ дүкенге барып, өздеріне бірдеңе сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Сондықтан, біз шайға арналған тәттілер әкеп, көңіл-күйлерін көтерейік деп шештік. Бұл - біздің қауіпсіздігіміз үшін бірнеше апта бойы отбасыларынан бөлініп шыққан адамдарды қолдауымыз.Елена Куликованың айтуынша, ауруханада су салқындатқыштар бар, бірақ иммундық қасиеттерді жақсартатын бал мен лимон қосылған шай тек жағымды ғана емес, ішуге де пайдалы. Мұндай қиын кездерде дәрігерлердің қажырлы еңбектерін атап өтіп, қолдау - олардың көңілдерін көтеруге көмектеседі.
Бал, лимон, кәмпиттер, халва және вафли, қара өрік, банан, шай, кофе, сүт және минералды су - бұл медициналық мекемеге берілген сыйлықтардың толық тізімі. Дәл осындай тосынсый жұқпалы аурулар бөлімінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін төртінші қалалық аурухананың дәрігерлерін де күтті.
Тақырыптар:
Акция "Благодарность врачам" Филиал партии "Nur Otan" в Усть-Каменогорске Коронавирус в ВКО