Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Көкпекті ауданында тойды жасырын өткізбек болған

Аққала ауылының тұрғындары коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде 09далы0ты атап өтуге шешім қабылдаған

30 ауыл тұрғынының қатысуымен отбасылық салтанат карантин кезінде тұрғындарға шектеу шараларын түсіндіру үшін ауданда құрылған 19 мобильді топтың бірінің жұмысы арқасында анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Пандемия кезінде жаппай іс-шаралар өткізуге болмайды, - дейді Көкпекті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Халық. – Бұл Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері мен Көкпекті ауданының санитарлық дәрігері қабылдаған қаулы нормаларының бірі. Әрбір азамат осындай іс-шараларды өткізе отырып, өзінің жақындарының ғана емес, өзіне мүлдем бөтен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретінін түсінуі тиіс. Сондықтан біз алдағы уақытта осындай фактілердің жолын кесуге және оларды бақылауда ұстауға ниеттіміз.

Оның айтуынша, шектеу шараларын бұзған Аққала ауылының отбасына ЖПҚ учаскелік инспекторы ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК (83 мың 340 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Соңғы аптада локдаунды бұзғаны үшін ауданда барлығы төрт әкімшілік іс қозғалды.
Следующая →