Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыста етпен бірге қымыз да қымбаттады

Қала тұрғындары төтенше жағдай кезінде ет пен сүт өнімдерінің бағасы қымбаттап кеткенін айтып жатыр. Мәселеге көз жеткізбек болып, базарларды арлап, бағаларды сараптап шықтық

Айта кетейік, облыста карантин шаралары күшейтілгелі бірнеше сауда-саттық нысандарының қызметіне тыйым салынған. Оның ішінде жабық базарлар да бар. Ал ет өнімдері көбінесе сол жабық базарларда сатылады. Яғни, қазір ет жетіспеушілігі де бар көрінеді. 

"Баға неге тұрақсыз?"


Жай күндері интіресіп жүретін көк базарда елдің аяғы саябырлап қалыпты. Тіпті бұрынғыдай тауарларын жайып тастап отыратын саудагерлердің қарасы аз. Демалыс күндері жүріс-тұрысқа тыйым салынғандықтан халық тапқан-таянғанына үйге азық-түлік алып әлек. Бір қап азық-түлігін әрең көтеріп базардан келе жатқан қала тұрғындарының бірін сөзге тарттық. 
- Қазір базарда азық-түлік пен еттің бағасы біртіндеп қымбаттап барады. Бүгін 500 теңгеге бір зат алсаң, 3-4 күннен кейін сол бағаға жаңағы затыңды қайта ала алмайсың. Саудагерлер халықтың жағдайымен санасқысы да келмейді. Өзім көпбалалы ана болғандықтан, балаларға тамақ алуға базарға жиі шығамын. Қазір ауру үдеп тұрған шақта балаларымның иммунитетін көтеру үшін ет өнімдерін көбірек пайдалануға тырысамын. Ауруға қой етінің пайдасы көп деп жатыр ғой. Бірақ ет сататын базарлар жабық. Табанымнан тозып жүріп әрең таптым. Өкінішке қарай, қойдың еті де, құйырық майы да жоқ екен. Еттің бағасы 2500 мың теңге дейді. Жұмыссыз отырған халықтың қалтасы көтермесі анық, - дейді қала тұрғыны Әсем Мұратқызы.
Бір таңғаларлығы, ет сататын саудагерлерді табу қиынға түсті. Себебі карантинге байланысты бірен-сараны ғана ашық екен. Халық арасында ауруға төтеп беру үшін көбірек ет жеу керек деген сөз тарады. Бірақ қой етіне сұраныс көп болғандықтан, базардан таппадық. Кейбіреулер етті далада, жаппа астында сатып отыр. Бірақ бұнда ешқандай гигиеналық талаптар сақталмаған, күннің астында тұрған етті алуға ешкім де құлықты емес.
- Қаладағы асханалардың бірінде аспазбын. Күнделікті балғын етті базардан алатынбыз. Бірақ карантин шаралары күшейтілгендіктен, базарлар қазір уақытша жабық. Үнемі алып жүретін ет сатушылар жоқ. Қаладан ет таппай сандалып қалдық. Қазір Қазақстан аялдамасы маңындағы сауда үйіне барып алуға мәжбүрміз. Өйткені қалада басқа тұрақты ет сататын орын таппадық. Бағалары да қымбат. Бірінші карантин режимі енгізілгенге дейін еттің бағасы 1500 теңге дейін болатын. Карантин қалай басталды, баға солай өсті, - дейді аспаз Жауһар Қалиякперова.
Бұған дейін ет сатумен айналысып келген саудагерлерге де ет іздеген тұрғындар күн сайын хабарласатын көрінеді. 
- Базарда ет сатамын. Карантин басталғалы жұмыссыз қалдық. Сатып алушылар да дамылсыз хабарласып жатыр ет іздеп. Президент карантин тамызға дейін созылады деді. Енді, тіпті, не істерімізді де білмеймін. Нәпақамыздан қағылып отырмыз. Бала-шаға, несиеміз бар, - дейді орталық базардағы ет сатушылардың бірі Айгүл.
Осылай тұрғындар қала ішінде ет сататын орындарды іздеп әбігерге түсуде. Мүкін бағаның өсуіне сұраныстың артуы да әсер етсе керек. 
- Қазір ет өнімдеріне сұраныс ерекше көп. Әсіресе, қой етіне. Өзіміз ауылдан сойып әкелеміз. Сондықтан баға тұрақты. Қой етін 2500 теңгеден сатып тұрмын. Негізгі күнкөріс кәсібіміз осы, - дейді ет сатушы Гүлнар.

Ұлттық өнім - денге қуат, дертке шипа

Айта кету керек, елдегі инфекция ушыққаннан бері халық жаппай ұлттық тағамдарды тұтына бастады. Расында да, кешегі бабаларымыз аттың жалы, түйенің қомында жүріп, бағлан асып, қымыз ішіп, талай індеттің бетін қайтарды емес пе. 
- Ата-бабамыздың аузы ақтан арылмаған. Сондықтан олардың денсаулығы мықты болды. Қазіргі жағдайда қымыз бен шұбаттың пайдасы мол. Қымыз - адам денесінің күш-қуатын арттырып, бүйрек пен бауырды қанықтырады. Қан айналымы мен қан тамырларын тазалайды. Сонымен бірге, адамның физикалық жағдайын жақсартып, тәбетін ашады. Ас қортуды жақсартады. "Жылқы - мінсең көлік, жесең азық, ішсең сусын" деп текке айтылмаса керек. Сондықтан ғой қазақтың жылқы малын ерекше қадір тұтатыны. Меніңше, халық өзіміздің ұлттық тағаммен тамақтану керек. Ет, құрт, май, қымыз, шұбат өнімдерін көп тұтыну керек, - дейді Зейлелқұмар ақсақал.
Коронавирусқа қарсы тұру үшін иммунитет мықты болуы керек. Ал иммунитетті көтеру үшін ас-ауқаттың дұрыс болуы абзал.
- Иммунитеттің ең негізгі тірегі - дұрыс тамақтану. Иммундық жүйе саулығы үшін ақуыз (әсіресе жануарлардың), май (холестерин, моно және полиқанықтырылған май қышқылдары), дәрумен, минералдар, су мен тұз қажет. Балық майы - мықты иммундық қорғаушы. Ол баладан бастап, қарияларға дейін үздіксіз қажет, - дейді диетолог Ольга Пшеничная. - Иммунитеттің түсіп кетуінің негізгі себептерінің бірі - вакцинация, антибактериялық дәрілерді, антибиотиктерді жөн-жосықсыз пайдалана беру. Тұмау мен суық тиюге қарсы дәрілердің барлығын іше беруге болмайды. Дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, мұрыннан су ағып, іш өтсе, ағзаның қорғаныс реакциясы пайда болады. Бұл сипмтомдарды дәрімен басу ағзадағы табиғи қорғаныс механизмін бұзады. Одан өзге, күйзеліс те иммунитетті әлсіретеді. Қазіргі жағдайда жан-жақтан келіп жатқан жағымсыз ақпараттар көп. Соның барлығынан үрейленіп, күйзеле беруге болмайды. 
Егер иммунитетіңіз әлсіреп кеткен болса, тікелей мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Өйткені әр адамның ағзасы әр түрлі, оған өзіне не қажетін дұрыс таңдай білген жөн. Осы орайда диетолог Ольга Пшеничная жеке қызмет көрсетуге әзір (мекенжайы: Буров көшесі, 61/1, 3-қабат, 7-кеңсе, тел: 8-705-510-09-10).

Қымыз да қымбаттады


Ұлттық өнімге деген сұраныс артқан сайын қымыздың да бағасы өсіп барады. Былтыр литрі 600 теңге болса, биыл 900-1000 теңгеге дейін көтерілді. 
- Балаларыма күнде қымыз ішкізіп отырмын. Иммунитетті көтеруге пайдасы зор дейді. Аптасына 5 литр аламын. Катонқарағайдың қымызы, бағасы 1000 теңге. Таңғалатыным: бізде әр жерде сатылатын қымыздың бағасы неге әртүрлі? Былтыр баға жақсы болған. Қазір карантин басталғалы қымбаттатып жіберді. Қазір артық пайда көретін кез емес, - дейді қала тұрғыны Ұлан Еркінов.
Ал қымыз сататын кәсіпкерлер бағаның қымбаттауына жолдың алыстығын алға тартып әлек. 
- Қазір қымыздың саудасы жақсы жүріп жатыр. Сұраныс былтырғымен салыстырғанда екі есеге артты десем артық болмас. Көбінесе тұрғындардың тапсырысы бойынша Катонқарағайдан Өскеменге жеткіземіз. Жолдың алыстығы бағаға да әсер етпей қоймайды. Литрін 900 теңгеден сатып жатырмын, - дейді Айбол есімді кәсіпкер.

Науқастарды табиғи өніммен қамтыды


Ерекше бір айта кететіні Тарбағатай ауданының әкімі бастаған еріктілер ауруханада жатқан науқастарға иммунитет көтеретін табиғи әрі таза азық-түліктер апарып берді. Барша аудан тұрғындарына үндеу жолдаған ол елді коронавирус жұқтырған науқастардың тез сауығып кетуіне атсалысуға шақырды.
- Бүгінгі таңда ем алып жатқан науқастарымызға сіз бен біздің жан-жақты қолдауымыз аса қажет. Әрине, бұл күрделі жағдайда ақ халаттыларымызға екі есе салмақ түсіп отырғанын баршаңыз сезіп-біліп отырсыздар. Дәрігерлеріміз уақытпен санаспай, тиісті ем-шаралардың бәрін атқаруда. Осы тұрғыда қай салада жүрсек те, қандай кәсіптің иесі болсақ та біздер, аудан тұрғындары, бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылып, осы індетке тойтарыс беретін уақыт келді. Осыған байланысты мынадай игі бастаманы қолға алдық. Ең бірінші, науқастарымыздың сырқатқа қарсы иммунитетін көтеру қажет. Сондықтан, әр азамат өз еркімен, шын ниетімен ауруханада ем алып жатқандарға ет, сүт, шұбат, айран, қымыз, құрт секілді табиғи таза өнімдерді ретімен жеткізіп отырса деген тілек бар, - дейді аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов.
Өзі ұсынған бастаманы елдің алды болып іс жүзінде қолға алып отыр. Ол Ақсуаттағы Тарбағатай аудандық орталық ауруханасында, Ақжардағы ауданаралық ауруханада "Covid-19" инфекциясымен, пневмониямен (өкпе қабынуы) сырқаттанып, емделіп жатқандарға күш-қуат болсын деген ниетпен қымыз, ет, құрт және тағы басқа табиғи өнімдер жеткізді. Бұл бастамаға әлеуметтік желі қолданушылары мен аудан тұрғындары дән риза. 
- Жақсы бастама. Басқа да аудан, ауыл әкімдеріне үлгі болсын. Әрқашан қолдап, қуаттап, бірге атсалысуға дайынбыз, - дейді әлеуметтік желі қолданушы Дулат Байкүбенов.

Следующая →