"Шуақты шаңырақ" Семейден шықты
Облыстық "Шуақты шаңырақ" сайысы өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды
"Балапан құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер" дейді халық даналығы. Ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік нәрін сіңіріп, жақсылыққа баулу - ата-ананың бас-
ты парызы. Өңірімізде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Шуақты шаңырақ" байқауы жарияланған болатын. Араға ай салып, байқау өз мәресіне жетті.
Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп тұрған бұл сайыстың биылғысы ерекше. Өйткені еліміздегі карантин жағдайына байланысты сайыс онлайн форматта өтті. Байқауға өңіріміздегі барлық қала, аудан, ауылдарындағы жас отбасылар қатысты.
Следующая →

- Байқаудың негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын насихаттау, жас отбасылардың бастамаларына қолдау көрсету, олардың азаматтық белсенділігін арттыру. Елдегі төтенше жағдайға байланысты сайыс онлайн түрде өткізілді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Әр отбасының өз-өздерін таныстыруы, өнер сайысы сынды кезеңдерден бөлек, биыл Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай сайыс талаптарына ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқу кезеңі енгізілді. Барлық отбасылар тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. Сайыстың жеңімпаздарын қазылар алқасы мен әлеуметтік желі оқырмандары өздері таңдады. Байқауға қатысушылардың өнерін ШҚО "Жастар ресурстық орталығының" әлеуметтік желідегі парақшасынан тамашалауға болады, - дейді орталық директоры Арайлым Есімбекова.Сайыстың қортындысы бойынша 1-орынды Семей қаласының Бауыржановтар отбасы, 2-орынды Аягөз ауданның Сағатбековтер отбасы, 3-орынды Абай ауданның Үркімбаевтар отбасы иеленді. Соңғы кезең қортындысы бойынша Сағатбековтер отбасына "Көрермендер көзайымы" номинациясы берілді.
- Осы қиын кезде аз да болса жұрттың көңілін көтеріп, қолдау көрсеткен байқау ұйымдастырушыларына алғасымыз шексіз. Сайыста 1-орынды қанжығаладық. Десе де бастысы орын емес, достық, татулық, ынтымақ, - дейді байқау жеңімпазы Рымбек Бауыржанов.