Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Биыл ШҚО-да 600-ге жуық көп балалы отбасы баспаналы болады

Билік жыл сайын халықтың осы санаты үшін салынатын шаршы метр санын көбейтуді жоспарлап отыр

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, өткен жылы ауылдарда тұратын 523 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жыл соңына дейін билік осы санаттағы 570 отбасын баспанамен қамтамасыз етуді қалайды.

- Біз көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үйді ұлғайтуды көздеп отырмыз. Аудан және қала әкімінің алдына алдағы айларда мыңдаған шаршы метрден қосымша пайдалануға беру міндеті қойылды, - деді аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы. - Бұл азаматтардың осы санаты үшін тұрғын үй мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Қазір көп балалы және әлеуметтік осал отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін "Бір қабатты Шығыс" жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленуде. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін коммуникация: жолдар, электр, сумен жабдықтау жүргізілген орындар анықталды.
Следующая →