Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Абай еліне саяхатшылар жаяу келе жатыр

Алматыдан шыққан еріктілер Аягөз ауданына жетіп қойды

Биыл 12 маусымда Алматы қаласынан Абай еліне ерікті төрт адамнан тұратын жаяу жүргіншілер экспедициясы жол тартқан еді. Күніне 40-50 км артқа тастап отыруға бекінген олар Жидебайға дейінгі 1200 км жерді ай көлемінде жүріп шықпақшы болған. Қазіргі уақытта олар Аягөз ауданына жетті.

"Абай еліне саяхат" жобасы өткен бабаларымыздың тарихы мен әдебиетіне өскелең ұрпақтың қызығушылығын туғызбақ. Қазақтың бағына біткен ұлы ақыны Һәм ойшылының 175 жылдығы халықаралық деңгейде, оның ішінде ЮНЕСКО көлемінде кеңінен атап өтіледі. 
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды - "Еріктілер жылы" деп атағаны белгілі, сондықтан біз, еріктілер, Абай еліне саяхат жасауды ойлас-тыра бастадық, - деді топтың басшысы Дамир Кушеев. - Біздің міндет - қазіргі жастарға ой салып, Абай мұрасын кеңінен насихаттау. Біздің экспедицияға Алматы облысы мен "Рухани жаңғырудың" туы берілді, оны біз Жидебайға жеткіземіз. 
Экспедиция төрт адамнан тұрады: Дамир Кушеев (топтың басшысы), Ермек Қубашев, Данияр Балтаев, Дәулет Кушеев (видео-фотооператор). Еріктілердің түпкі мақсаты - Жидебайдағы Абай мавзолейіне жету. Содан соң Абай оқыған медресені, көшіп-қонған жерлерін аралап шықпақ. Экспедицияның бастан кешкен оқиғаларын қызығушылық танытқан көрермендер Дамир Кушеевтің @damir_za_mir_almaty инстаграм парақшасынан көре алады. 
- "Қырықтың бірі - Қыдыр" деген сөз - жолаушылап келген кез келген адамды үйге кіргізіп дәм таттыру, керек болса қондыру қажет. Өйткені қонақтың бірінің болмаса, бірінің батасы қабыл болады, үй иесінің тілегі оңғарылады, шаңырағына құт-береке дариды деген сенімнен шыққан, - деді Дамир Кушеев. - Жолда күтіп алып тамақтандырған, қолынан келгенше көмектерін аямаған халқымызға мың алғыс! Біздің келе жатқанымыздан хабардар болып, қонақжайлық көрсеткен Шеңгелді, Қапшағайдың жігіттеріне көп рақмет!
8 шілдеде аталмыш экспедиция Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына табан тіреді. Бір ай бойы жаяу жүріп, қаншама шақырым жолды артқа тастаған олар адамдар арасынан қолдау, тілек білдіруші достар тапса да, биліктен ешқандай көмек болмағанына налиды.
- Біз осы саяхатымызда бірталай жаңа достар тауып, сый-құрметке бөлендік, - деді Дамир Кушеев. - Шығыс Қазақстан облысының жеріне келгелі бесінші күннен асты, атқарушы биліктің адамдары мүлдем хабарласқан жоқ. Біздің бар-жоғымызды білмейтін тәрізді. Ағымдағы жыл "еріктілер жылы" деп аталса да, көңіл бөлген жоқ. Қолдау мен көмекті әрдайым қарапайым тұрғындардан көріп жүрміз. Біз биліктен ақша немесе басқа да көмек түрлерін дәметпейміз, бірақ бізді жай қарсы алып, ісімізге құрмет көрсетсе де жетеді ғой. Осындай коронавирус індеті жайлаған шақта қарапайым адам ғана қарапайым адамға көмектесетініне осы жолы толық көзім жетті. Мұны мен көктемде, жұқпалы аурудың алғашқы толқынында ерікті ретінде алдыңғы шепте жүргенде-ақ байқап едім. Қарапайым тұрғындар: жүргізушілер, жол құрылысшылары, ауыл адамдары бізге қатты қолдау көрсетті, жанашыр болды. 
Қазіргі таңда еріктілер Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа батыр ауылынан асты. Құдай медет беріп, Абайдың аруағы алқаласа, жақын күндерде Жидебайға да жетіп қалар.
Следующая →