Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Адам өміріне араша болар аппараттарды халық бірігіп сатып алуда

Еліміздегі эпидемиоло-гиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, 2 тамызға дейін жалғасады

Коронавирусқа қатысты күнделікті статистика қуантпай тұр. Ауыр хәлде жатқандар саны артып барады. Бүгінгі таңда науқастар саны 62 мыңға жақындап қалды. Қаза болғандар саны 400-ге жуық.

Сый қылсаң, сыпыра қыл

Дәрі-дәрмек таппай дәріханалардың табалды-рығын тоздырған, ауруханадан орын таппай сенделген, өкпесі қысып, дем жетпей жасанды желдету аппараттарын іздеген халық көп. Бұл адамгершілік қасиеттеріміз сыналатын уақыт болып тұр. Сол себепті де қазір елімізде жетіспей жатқан өкпені жасанды желдету аппараттарын қарапайым халық өзі қалтасынан қаржы шығарып, жұмыла ел болып, шетелден сатып алып келіп, ауруханаларға таратып жатыр. Бастамашылардың бірі - белгілі айтыскер ақын, жерлесіміз Айнұр Тұрсынбаева. Ақын қайырымдылық қорын ұйымдастырды, халықтан жиналған қаржыға Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алынды. Еліміздегі атқамінерлер мен Түркиядағы елшілік күш біріктіріп, барлық қағаз-құжаттары реттеліп, елімізге жеткізілді. Енді еріктілер қалаларға, аудандарға тарата бастайды.
 - Мыңдаған тағдырды аман сақтап қалуға қызмет қылатын аппараттардың санын 1000-ға жеткіздік, - деп жазды ақын әлеуметтік желідегі парақшасында. - Өз қалтамнан төлегенім тек 10 аппаратқа жетті. Қалған қаржы халықтан жиналды. Еліміздегі әншілер қауымы 50 аппараттың ақшасын аударды.
 14 шілде күні таңертең елімізге 125 оттегі аппараты жетті. 

 Осы орайда айта кетейік, желіде "Қоғам белсенділерінің бастамасымен алынған аппараттар өңірлерге таратылмай, қоймада тұр" деген ақпарат тарап, елді дүрліктірген болатын. Бұл деректерді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі жоққа шығарды. 
 - Әлеуметтік желілерде "Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр" деген видеоматериал жарық көрді. Анығында, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 02:30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Түркиядан гуманитарлық жүк келді. Ұшақтан жүкті түсіру ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 4:00-де аяқталды. Кейін аталған жүк әуежай қоймасына орналастырылды. Сағат 10:00-де тауар алушылардың өкілдері келгеннен кейін жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілді және дәл сол күні сағат 10:10-да барлық кедендік рәсімдер аяқталды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тарбағатай жылжымалы зертхана сұрап отыр

Қазақстандықтардың ортақ қаржысына алынған аппараттар шығыстағы ауылдарға да жеткізіледі деп жоспарлануда. Мәселен, Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов алдағы күндері ауданға екі оттегі аппараты келетінін жеткізді.
 - Алдағы күндері тағы екі аппарат келеді. Оның біреуін өзіміз ақшасын төлеп алдырып отырсақ, екіншісін жерлес ақын қызымыз Айнұр Тұрсынбаева беріп отыр. Осы жолы 2 аппарат келсе, тағы үшеуі артынан келеді. Себебі елімізге ол аппараттар аз келіп жатыр, - деді Серікқазы Сәдуақасов. - Халқына көмек ретінде тыныс алу аппараттарын беріп жатқан Дулат Тастекеев бауырымызға көп рахмет. Бір ауыз сөзімізді қалдырмай үндеуімізге үн қосып, қажетті аппаратты қолма-қол тауып жіберіп жатыр.
  Ауданға келген дүние тиісінше Ақсуат пен Ақжарға бөліп берілетін болады.
 - Сонымен қоса, қазіргі уақытта ауырған аудан тұрғындарын ауруханаларға жеткізуге жедел жәрдем көліктері жетіспейтін болса, біз әкімшіліктегі қызметтік көліктерді де кезекшілікке қойып беруге дайынбыз. Тіптен көлік жетіспей жатса, жалға алып та көлікпен қамтамасыз етеміз. Қалай болғанда да ауырған жандарды ауруханаға жеткізуге көмек жасауымыз керек. Олар үйде қалмаулары тиіс, - дейді аудан әкімі.
Аудан әкімі ауруханаларда орындарды артығымен дайындап жатқандарын да айтты. Ақсуат пен Ақжардағы ауруханалар науқастарды емдеуге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 
 - Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Тұңғышханұлымен сөйлесіп, оны да шешіп отырмыз, - деді Серікқазы Сәдуақасов. - Сондай-ақ, ауырған жандардың ПТР анализдерін тексеретін жылжымалы зертхана да сұрап отырмыз. Өйткені біздің науқастардың ПТР анализдері жіберілгенімен, оның нәтижесі он күнге дейін кешігіп келіп жатыр. Сол себепті, ол анализдердің уақытында зерттелуі үшін біз сол зертхананы сұрап жатырмыз. Егер республикадан рұқсат келетін болса, шекаралық аймақтағы аудан ретінде біреуін облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы мен Ілияс Тұңғышханұлы бізге бөліп береміз деп отыр. Егер ол зертхана келетін болса, аудан тұрғындары үшін жақсы болады.

Күршімдіктер қор ашты

Осылайша өңіріміздегі басқа аудандардың да халқы қарап қалмай, өздері күш біріктіріп әрекет етіп жатыр. Мәселен, Күршім ауданының тумалары да ортақ қор ашып, қаржы жинап жатыр. Олар да жиналған қаржыға тыныс алу аппаратын, басқа да ең қажетті қосымша құрылғыларды сатып алмақ. 

Әлеуметтік желіде күнделікті жиналған қаржының есебі беріліп отыр. Мәселен, қазір қолма-қол және картаға аударылған жалпы сома 3 млн теңгеден асыпты. Оның 2,5 млн теңгесі аппараттың алғашқы партиясын сатып алуға жұмсалды (бір жасанды тыныс алу аппараты - 250 мың теңге деп есептелген).
 - Қалған 1 млн-нан астам теңгенің үстінен тағы да қаржы жинап, екінші партияға тапсырыс береміз. Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жиырма күнге ғана жететін қорғаныс костюмдері бар екен, одан басқа да керек заттарды айтты. Егер ақша артылатын болса, сол қажетті заттарды сатып алатын боламыз, - деді қайырымдылықтың басы-қасында жүрген ұйымдастырушылар.
Дәл осылайша қараша халықтан семейлік еріктілер де 30 миллион теңгеге жуық қаражат жинапты. Еріктілер тобы жиналған қаражатқа емханаға қажетті дәрі-дәрмек пен құрылғылар сатып алған. Бүгінге дейін арнайы ашылған есепшотқа 27 миллионнан астам теңге жиналыпты. 
 - Бұл апараттар бізге ауадай қажет еді. Пневмонияға ересек адамдармен қатар жаңа туған балалар да шалдығып жатыр. Сондықтан еріктілерге алғыс айтқымыз келеді, - дейді дәрігер Ермек Баймұхаметов.
Қоғам белсенділері берген мәліметке сенсек, 45 оттегі аппараты жуық арада жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ, алдағы күндері Мәскеуден тағы 150 аппарат келеді. Тапсырыс беріліп қойған.
 - Әр аппараттың сертификаты бар. Құрылғылар әртүрлі бағада. Біз алған аппаратқа 10 жыл кепілдік беріп отыр. Одан бөлек маска, қорғаныш костюмдерін, дәрі-дәрмектерді алдық. Қолдау көрсеткен еріктілерге шексіз ризамын, - дейді ерікті Дәурен Кульчигишев.
Аягөздің азаматтары да жұмыла жұдырық болып, қаржы жинауда. Ақшатау ауылының тұрғындары бірігіп орталық ауруханаға оттек аппаратын алып берсе, жекелеген азаматтар дәл осындай аппаратты "Қазығұл" емдеу мекемесіне сыйға тартқан.

Осы сынды басқа аудандар да өздері қор ашып, игі істер бастап кетті.

Тегін маскалар таратылуда

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, 470 мың адам көп реттік пайдаланылатын маскалармен қамтылады. Олардың арасында - зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-аналары.

Маска тарату жұмыстары 6 шілдеден басталған. Қазіргі таңда тегін масканы 75 мың адам алды. Әр ауданның еріктілері ауыл-ауылда тегін маска алуға құқылы тұрғындарға түгел таратып жатыр.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанға 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашуды тапсырды.
Следующая →