Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі 23-ші шағын аудан ақыры абаттандырылатын болды

Мердігерлер шағын аудандағы төрт көшеге асфальт төсеп, көше шамдарын орнатуға кіріскен

Владимир Купцовтың 23-ші шағын ауданда тұрып жатқанына 25 жыл болған. Осы уақыт аралығында аудан ішімен бірде-бір автобус қатынап көрген емес. Өйткені жол жоқ. Тұрғын аялдамаға дейін бір шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Ал қарлы, жаңбырлы күні қалай екенін өзіңіз елестете беріңіз...

- Жол батпақ, көлік жүріп өткен сайын лайға айналып, шылқып кетеді. Жаяу адамға жүріп өту өте қиын, - дейді  Дробышева көшесінде тұратын  Дробышева. - Ең жақын аялдамаға 15-20 минут жаяу жүру керек.

Бірақ қазір Владимир Купцов пен ауданның басқа да тұрғындарының өмірі өзгере бастады. 23-ші шағын ауданда көптен күткен абаттандыру жұмыстары басталды. Мердігер компания Молодова, Журба, Дробышева және Кокорина көшелеріне асфальт төседі.

- Жол ұзындығы 3300 метр, жабынды қалыңдығы 9 см. Төрт аялдама қалтасы жасалып, тегістеуші қабаты төселді, енді тротуарларды жөндеп, үстіңгі ұсақ тас-мастикалық асфальт қабатының 40%-ын аяқтау қалды, - дейді  "Дороги Востока"  ЖШС-ның аумаққа жауапты шебері Жалғас Қартаев.

Ай соңына дейін жұмыстар аяқталады деп жоспарланған. Содан кейін 23-ші шағын ауданға автобус қатынайтын болады. Қазан айының соңына дейін "ГОРСВЕТ LTD" ЖШС аудан көшелеріне 100 шам орнатады деп күтілуде.

Следующая →