Тұзды қамырдан жасалған сурет үздік деп танылды
Шығыс Қазақстан өнер музейінде ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай "Абай шығармашылығы – балалар көзімен" атты онлайн көрме ашылды. Көрмеге 77 суретшінің 88 туындысы қойылды
- Біз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай балалар бейнелеу өнері байқауын ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы көркем туындылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады. Байқаудың қорытынды көрмесі балалардың шығармашылығына тән жанрлардың әртүстілігімен және бейнелерді берудегі батылдықтарымен ерекшеленеді. Туындылардан жас суретшілер санасындағы ақынның барлық болмысын көруге болады. Ақын образы шебер сомдалған. Балаларды Абайдың пейзаждық және махаббат лирикасы, И.А. Крылов мысалдарының аудармалары қызықтырады, - дейді Өнер музейінің қызметкері Сыйлық Кашей.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Глубокое, Жарма, Ұлан аудандарынан, сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларынан барлығы 77 жас суретші қатысты.
- Байқауға қатысушылар – орта және жоғары мектеп жасындағы жасөспірімдер. Байқаудың мақсаты – ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттеу, жаңа таланттарды анықтау, жастар арасында шығармашылық мамандықтарды насихаттау, - дейді Сыйлық Кашей.
Ерекше бір айта кететіні байқаудың өтуіне "Қазмырыш" пен "Ореол Ltd" қоғамдық серіктестіктері демеушілік көрсетіпті. Конкурыстың қортындысы бойынша 20 қатысышы жүлделі марапатқа ие болса, 12 қатысушы қазылар алқасының ынталандыру сыйлығына ие болыпты. Байқаудың бас жүлдесін Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының көркем сурет мектебінің оқушысы Айгерім Мұратова қанжығалады.
- Осы жарысты естігенде Абай жайында не салсақ болады? Абайды образын сурет өнерімен қалай байланыстыруға болады деп біраз ойландық. Оқушым біраз нобайлар жасады. Тақырыптан ауытқып кеткен кездері де болды. Қайта тапсырма бердім. Солай біраз қиындықтар туындағаны рас. Себебі Абай тұнып тұраған ұлы ақын, жазушы, аудармашы, жәнеде қара сөздерінде философиялық терең ойлар жатқандықтан оны сурет арқылы жеткізу қиын болды. Дей тұрғанменде оқушымның жас ерекшелігі мен біліміне сай бір туынды жасап шығардық. Оның тақырыбын "Қара шаңырақ" деп қойдық. Себебі қара сөздерінде жақсылық пен жамандық, ақыл мен ой, дүние тіршілігін тағысын тағы жазылғаны мәлім. Сондықтан да оқушы түсіне алатындай етіп, қара сөздерді негізге ала отырып, осы туындымызды жасап шығаруды жөн көрдік. Мұнда ортасында адам бейнеленген, ал басы шаңыраққа, енді бір жағынан айға келтірілген. Сонымен қатар, маңайында төрт түрлі жануарлар мен таулар бейнелен. Жалпы мағынасы қазақ әрдайым төрт түлік малмен айналысқаны, жәнеде наным сенімі ислам болғандықтан мұсылман белгісі ретінде шаңырақты айға ұқсатып жасадық. және сол шаңырақты адам басына байланыстыра отырып бейнеледік, - дейді Айгерім Мұратованың ұстазы Әділет Шоқанов. - Бұл дегеніміз адам қай заманда болмасын үңгірге, күркеге, үйге паналаған. Яғни, әр заманның өзіне тән шаңырағы болған. Қазақ қасиетті киіз үйге паналаған. Сондықтанда шаңырақты бейнеледік. Абайдың қара сөздерінің мәнін ашқымыз келді. Екінші оқушым Абайдың белгілі "ғашықтың тілі тілсіз тіл" деген өлеңін негізге ала отырып оқушы өз ой қиялымен махаббатты сурет арқылы көрсеткісі келді.
"Ұстаздан шәкірт озады" дегендей шәкірттерінің жеткен жетістіктеріне ұстазы дән риза.
Материал размещен на правах рекламы