Өскеменде енді тек рұқсат қағаздарымен жүріп-тұруға болады
27 маусымнан 11 шілдеге дейін облыс орталығында карантин шаралары күшейеді
Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин мәлімдеді.
Жеке көлігіңізбен мереке және демалыс күндері, түнгі уақытта, сондай-ақ жұмыс күндері 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге тыйым салынған. Маска тағып жүру керек деген тәртіп сақталады, шара өткізу, қоғамдық орында қыдыруға тыйым салынады, азық-түліктік емес өнімдер сататын дүкендер жұмысы 19.00-ге дейін, ал азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 20.00-ге дейін қысқартылды. Көшеде тәртіпті полиция қызметкерлері қадағалайды, қоғамдық көліктер 50%-ға қысқарып, тек жұмыс күндері қатынайтын болады.
Следующая →

- Демалыс күндері осы рұқсат қағаздарымен қыдыруға болады. Жаңа қағаз алуға ешқайда барудың қажеті жоқ. Егер көлікте дәл қазіргі уақытта сақталмаса да, бұрын алған болсаңыз, жүре беруге болады, - деді Михаил Дерябин.