ШҚО-дағы COVID-19 жұқтырғандардың арасында Семей колледжінің директоры мен еліміздің белгілі спортшысы да бар
Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы және Әлем барысының екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров та тажал тәжвирустың тырнағына ілікті
Қазір спортшы инфекциялық бөлімде жатыр. Семейдегі электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков те вирус жұқтырып, ауруханада жатыр.
Кешегі күні облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелген болатын. Олардың тоғызы Семейден. Науқастардың сегізі ересектер болса, бір бала төрт жастағы бала. Енді екеуі – полиция қызметкері, екеуі – мейірбике, үшеуі – жеке және мемлекеттік мекеме қызметкерлері болса, біреуі – жұмыссыз азамат.
Бүгінгі күні ШҚО-да КВИ-дың 262 жағдайы тіркелген, 107 адам жазылып шықты. Тағы да 100 орын мен 1500 байланыста болған азаматтар бақылауға алынған.

- Бүкіл әлемде бұл вирусқа қарсы вакцина табылған жоқ. Қорғанудың жалғыз жолы – қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау: әлеуметтік қашықтық, жеке бас гигиенасы мен маска тағу, - дейді қалалық жедел штаб өкілі, медициналық сұрақтар бойынша үйлестіруші Найля Альменова.
Бүгінгі күні ШҚО-да КВИ-дың 262 жағдайы тіркелген, 107 адам жазылып шықты. Тағы да 100 орын мен 1500 байланыста болған азаматтар бақылауға алынған.
Следующая →
Тақырыптар:
Коронавирус в ВКО Директор колледжа Трехкратный чемпион мира по қазақша күрес Айбек Нугымаров Видеообращение к казахстанцам