Үш жыл бойы мал ұрлығымен айналысып келген азаматтар ұсталды
Тәртіп сақшылары көптеген мал ұрлығына қатысы бар екі ер адамды Ұлан ауданынан ұстады
Облыстық Полиция департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдан бері Ұлан ауданындағы жайылымда жүрген малдарды айдап әкетіп жүргендер қолға түспей келген. Бірақ бұл жолы 28 және 22 жастағы жігіттер тұтылып, заң қолына түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтардан бастап мал ұрлығы үшін жаза күшейген.
Следующая →
- Екеуінің 15 ұсақ мал мен екі жылқының ұрлығына қатысы бар болып шықты. Мал иелеріне жалпы келтірілген шығын – 4 млн теңгеден астам, - деп мәлімдеді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев. - Іс сотқа жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтардан бастап мал ұрлығы үшін жаза күшейген.