Семейдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс кестесі өзгерді
Енді ХҚКО-ға 10.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала алынған талон арқылы ғана келуге болады
Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 12.06.2020 жылғы қаулысының негізінде 2020 жылғы 15 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қалалық бөлімдері карантиндік шараларын сақтау мақсатында жұмыс уақытына шектеу енгізілді.
Следующая →
- Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады.
Тақырыптар:
Режим работы ЦОНов Изменение в графике работы Центры обслуживания населения в Семее Главный санврач ВКО