Қазақстанда оқыс оқиғалардан 2 тәулікте бес бала қайтыс болды
Өткен демалыс күндері Қазақстанда бес бала қайтыс болып, алтауы ауруханаға түсті
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балалардың оқыс оқиғаларға ұшырауы жиілеп кеткеніне алаңдап отыр, деп жазады baribar.kz сайты.
Сенбіде Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінің пәтері өртеніп, 4, 6 және 8 жас шамасындағы үш бала зардап шекті, біреуі ауруханада қайтыс болды. Ата-анасы балаларды қараусыз қалдырған.
Нұр-Сұлтанда бір жасар ер бала 8-қабаттың баспалдағынан құлап кетіп, ауруханаға түсті.
Шымкентте бір жасар ер бала 25 литр суы бар астауға түсіп кетіп, қайтыс болды.
Атырауда 6 жасар қыз бала қоқыс төгетін 2 метр терең шұңқырға түсіп кетіп, қайтыс болды.
Қарағандыда 3 жасар ер бала екінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды.
Қызылордада да 2 жасар ер бала екінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті.
Жексенбіде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылында атпен мал бағып жүрген 16 жастағы жасөспірімге найзағай түсіп, қайтыс болды.
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Балаби ауылында 3 жасар ер бала токқа түсіп, ауруханада қайтыс болды.
Павлодар облысындағы Аққулы ауданының орталығында бір жасар ер бала тереңдігі 3 метр болатын су толы шұңқырға түсіп кетті, баланы көршілері құтқарды.
Следующая →

- Төтенше жағдайлар комитеті ересектердің қараусыз қалдырғанынан түрлі оқыс оқиғаға тап болған балалардың жағдайына алаңдайды. Үйде қалған балалар, ең әуелі оларды үйде қалдырған ата-ана қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Әр ата-ана жазатайым оқиғалардың қаупін азайтуы үшін сақтана білуі керек, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.