Тендер дауы: Шенеуніктер өз жауабын берді
Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлердің арызы бойынша комиссияның екінші отырысы өтті
Облыстық әкімият ғимаратында мемлекеттік сатып алу байқауларына қатысты мәселелерді қарайтын облыстық комиссияның екінші отырысы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 3-ші маусым күнгі алғашқы отырыста кәсіпкер Александр Федосов пен Болат Бағадаев Өскемен қалалық қаржы бөлімі мен облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналды меншік басқармасына 4 тармақ бойынша айып таққан еді:
1. Мемлекеттік сатып алу процесінің заң аясында болмауы және байқаудың заңсыз, мерзімсіз тоқтатылуы;
2. Облыстағы екі компания - "ДСУ-11" және "Востоквзрывпром" ЖШС-ның барлық жол құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу байқауларының 70%-ын жеңіп алуы;
3. "ДСУ-14" ЖШС-ны тендерде қабылдаудан бас тарту үшін қалалық бюджетке түзетулер енгізуі;
4. Шенеуніктердің мемлекеттік сатып алу байқауларын жүргізу кезінде жемқорлыққа негізделген заңсыз іс-әрекеті.
Комиссияның екінші отырысында осындай айып тағылған жауапты қызметкерлер комиссия мүшелеріне құжаттар мен айғақтар келтіре отырып, баяндама жасады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Тұмашқызы бюджеттегі түзетулерге байланысты шағым бойынша сөйлеген сөзінде Экономика министрлігінен бюджеттік шығыстарды оңтайландыру бойынша қаулысы болғанын алға тартты.
Следующая →

- 2020 жылдың басынан бастап "ДСУ-14" ЖШС Өскемен қаласында орташа жөндеу бойынша 10 конкурсқа қатысты. Олардың ішінде екі конкурсқа жіберілді. Бірақ баға ұсынымында жеңілдік жасамағаны үшін жеңіліп қалды. Ал қалған сегіз конкурста аталмыш серіктестіктің өтініші 39-шы пунктіге сәйкес арнайы тәртіпті қолдана отырып, қайтарылды. Өйткені бұл кәсіпорын аумағы бойынша Көкпекті ауданының Самар ауылында орналасқан. Александр Федосов мырзаның қарамағындағы "ДСУ-14" ЖШС Көкпекті ауданында екі нысан бойынша арнайы тәртіпті қолдану арқылы конкурсқа қатысып, жеңіп шықты. Біріншісі – Өскемен-Тарғын-Самар автокөлік жолының 113-133 шақырымдарын орташа жөндеу, нысан құны - 375 млн теңге. Екіншісі – Преображенка-Шұғылбай автокөлік жолын орташа жөндеу, құны – 301 млн теңге. Екі конкурс бойынша бекітілген келісімнің жалпы сомасы 646,4 млн теңгені құрайды, - деп алғашқы тағылған айыпқа ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Руфат Акрамов жауап қайтарды.Сонымен қатар, Руфат Акрамовтың айтуынша, кәсіпкер Федосовтың "облыстағы екі компания - "ДСУ-11" және "Востоквзрывпром" ЖШС-ның барлық жол құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу байқауларының 70%-ын жеңіп алған" деген фактісі жалған. Себебі жол құрылысы бойынша 2020 жылы аймақта 127 байқау өткізілген екен. Оның 7-еуін "Востоквзрывпром" ЖШС жеңіп, жалпы көрсеткіштің 5,5% пайызды құраса, "ДСУ-11" ЖШС 6 байқауды жеңіп, 4,7% құраған. Ал "ДСУ-14" 127 байқаудың 2-еуін жеңіп, жалпы көрсеткіштің 1,5% құрады. Аталған екі кәсіпкер сенімсіздік танытып отырған конкурстардың барлығы да заң аясында жүргізілген. Ал "Топаз" ЖШС "Жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары" нысаны бойынша конкурстан жеңілген себебі – компанияның өтінішінде жұмысты тапсыру орны аумағында, атап айтқанда Риддер қаласында, Глубокое, Жарма, Көкпекті, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Аягөз, Алтай аудандарында ресурстардың барлығын растайтын құжаттары болмауында. Қазір аталған конкурс бойынша "Топаз" ЖШС шағымына орай облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеріс жүргізуде.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Тұмашқызы бюджеттегі түзетулерге байланысты шағым бойынша сөйлеген сөзінде Экономика министрлігінен бюджеттік шығыстарды оңтайландыру бойынша қаулысы болғанын алға тартты.
- Республика көлемінде 100 млрд теңге бюджеттік соманы қысқарту тапсырылды, оның 7,4 млрд теңгесі ШҚО-ға тиесілі. Өскемен қаласы бойынша 690 млн теңге бюджеттік шығыс қысқартылған, - деді басқарма басшысы.ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин Александр Федосовтың "лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында заңсыздық іс-әрекеті" шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
- Шағымданушылардың шағымы негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Барлық негіздер мен фактілер тексеріледі. ҚР Қылмыстық Кодексінің 201-бабы "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" бойынша басқа ақпарат әзірге айтылмайды. Қосымша ақпараттар болса, хабар береміз, - деді Жігер Байділдин.10 маусым күні өтетін үшінші отырыста облыстық комиссия мүшелері "Топаз" ЖШС иесі Болат Бағадаевтің шағымын қарастырмақ.