Екі мыңнан астам өскемендік жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша жұмыс тапты
Қаланы абаттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеті жарым мыңға жуық жұмыс орны ашылады
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс орындарын ашу – Жол картасы үшін басты шарттардың бірі. Бағдарлама бойынша инфрақұрылымдық 113 жоба, оның ішінде 35-і аймақтық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Сондықтан жұмыс көп, тілек білдірушілердің барлығына жетеді.
Қазірдің өзінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Олардың қатарын толтырам деушілерге жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алу керек. Бұл ғимарат Тургенев көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан, сұрақтар бойынша – 207-кабинет.
Следующая →
- Бүгінгі таңда бізге жол жөндеушілер, темір ұстасы, асфальт төсегіштер, сылақшылар, әрлеушілер, плитка жасаушылар, жұмысшылар, электрмен дәнекерлеушілер, монтажшылар, шеберлер, шатыршылар керек, - деді Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Альмира Мусинова. - Орташа жалақы кем дегенде 85 мың теңгені құрайды.