Риддерде үш аптаға ыстық су өшіріледі
"Риддер ЖЭО" АҚ кәсіпорны хабарлағандай, негізгі құрылғыны жоспарлы жөндеуден өткізу қажет болғандықтан ыстық суды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр
Ыстық су 18 күнге өшіріледі. Яғни, 16 маусымнан 3 шілдеге дейін ыстық су болмайды.
- Бұл уақытта негізгі құрылғы жөндеуден өткізіледі. Одан өзге, 16-18 маусымда гидравликалық тексеру және қала желілерін жуу жұмыстары жасалмақ, - деп мәлімдеді "Риддер ЖЭО" АҚ
Енді тұрғындар уақытша бұл ыңғайсыздыққа көндігуі керек. Өйткені жылу желілерін алдағы қыс мезгіліне дайындап алу керек.